Ауэнбруггер Леопольд (1722-1809) – австриялық дәрігер алғаш перкуссия – қағу әдісін енгізген. 1761ж латын тілінде «Қағу арқылы кеуде қуысында орналасқан ішкі органдардың өзгерісін анықтау» еңбегі жарық көрді.
Рене Лаэннек(1781-1826) – француз дәрігері клиникалық медицина мен патологиялық анатомияның негізін салушы, Францияның Медициналық академиясының мүшесі. Оның тарихта қалған еңбегі 1816ж стетоскоп ойлап табуы, өкпедегі аускультациялық өзгерістерді анықтау – өкпедегі ысқырықты сырыл, крупозды пневмониядағы крепитация, өкпе эмфиземасы, гангренасы, ісігі мен инфарктысындағы өзгерістерге сипаттама берді. Кардиологияда жүректегі шулар мен «мысық пырылы» симптомынының диагностикалық маңызын көрсетті.