Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет195/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Тамырларды тыңдау.
Жүрекке жақын жатқан ұйқы және бұғана асты артериялары үстінен сау адамда екі тон естіледі, оның біріншісі артерия қанға толған кезде оның қабырғаларының кеңігенінен пайда болады, екіншісі –қолқа қақпақтарынан бұл жерге қан бойымен тарап келген жүректің ІІ тоны.
Кейде сан артериясының үстінен бір ғана тон естіледі, оның пайда болу механизмі ұйқы артериясының үстінен естілетін тонның механизмімен бірдей.
Қолқа қақпағының жетіспеушілігінде ұйқы және бұғана асты артерияларының үстінде ІІ тон әлсірейді, немесе жойылып кетеді. Жүректің осы ақауында сан артериясының үстінен кейде екі тон (Траубенің қос тоны) естіледі. Олар артерия қабырғасының систола және диастола кезінде өте тез кеңіп, тез басылуына байланысты туады.
Фонендоскопты баспай тыңдаған күйде сау адамға артерияның тарылған саңылауынан өткен кезде шу естіледі.
Аорта қақпағының жетіспеушілігінде сан артериясын сәл ғана фонендоскоппен басса екі шу естуге болады: систолалық және диастолалық (Виноградов-Дюрозьенің қос шуы).
Оның біріншісі- систолалық шу, қан толқынының систола кезінде тарылған тамырдан шетке қарай өткенінде пайда болады, екіншісі – диастолалық шу, қан толқынының кері серпілгенінде артерияның тарылған жерінен жүрекке қарай өткенінде пайда болады.
Қалыпты жағдайда мойын веналарында ештене естілмейді.Анемияның қатаң түрінде мойындырық (яремная вена) венасының үстінде ызылдап, немесе зырылдап тұрған дыбысты естуге болады. Оны «зырылдауық дыбысы» (шум волка) деп атайды. Бұл дыбыс науқас терең дем алғанда немесе басын қарама- қарсы жаққа бұрғанда күшейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет