Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Бөдене ырғағы ( ритм перепела) –



бет192/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Бөдене ырғағы ( ритм перепела) – үш мүшелі ырғақ. Жүректі тыңдағанда екінші тонның бөлінуіне ұқсайды. Митралды стенозда қос жармалы қақпақ ашылғанда қосымша тон шерту түрінде пайда болады.
Себебі: диастола басында тез толған сол жүрекше мен қарыншаның арасындағы қысымының көтерілуіне байланысты қол жармалы қақпақ қанның қатты толқынымен шертіп ашылып және үш мүшелі ырғақ пайда болады.
Жүректің шулары –бұл жүрек ішінде (интракардиальды) немесе жүректен тыс (экстракардиальды-жүрек қабының қабынуында кездеседі) пайда болатын өзгеше дыбыстар.
Шулардың пайда болу механизмі. Жүрек шуларының пайда болуын сұйықтықтың түтік арқылы ағу заңдылықтарымен түсіндіруге болады.
Тесік қабырғалы ұзын бойы тең қималы түтікте сұйықтық шусыз ағады.Егер қан өзінің жолында тар саңылаулармен кездессе, ағуы өзгереді. Біріншіден, сұйықтықтың жылдамдығы тарылған жерде өседі; екіншіден, тарылған жерден кеңіген жерге түскенде қан үйіріледі. Сондықтан шу пайда болады. Тамырдың тарылуы, кеңеюі және қанның жылдамдығының өсуі жүрек ақауларында шудың пайда болуында маңызы зор.
Жүрек іші шулардың түрлері:
1) органикалық
2) функциональдық
Органикалық шулар жүрек анатомиясында немесе жүректен шығатын тамырларында (аорта немесе өкпе артериясы) патологиялық өзгерістер дамығанда пайда болады (қақпа бүтіндігінің бұзылуы немесе жүрек саңылауларының тарылуы).
Функционалды шулар анатомиясы қалыпты жүректе басқа факторлардың әсерінен дамиды:
1) қанның сұйылуы (анемияда)
2) қан жылдамдығының күшеюі (тахикардия)
3) жүрек бөліктерінің уақытша кеңеюі
Пайда болу уақытысына байланысты түрлері:
1) систолалық
2)диастолалық
Систолалық шу- жүректе немесе ірі қан тамырларында систола кезінде естілетін шулар, ал диастолалық шу- диастола кезінде естіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет