Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Систолалық қан қысымы, ең жоғарғы көрсеткіш



бет200/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Систолалық қан қысымы, ең жоғарғы көрсеткіш
Диастолалық қан қысымы, ең төменгі көрсеткіш
Систолалық және диастолалық қан қысымы арасындағы айырмашылық – пульстық қысым деп аталады. Қан қысымының қалыпты көрсеткіші 140/90-100/60 мм сынап бағанасымен. Қан қысымының көлемін сфигмоманометр (тонометр) аппаратының көмегімен анықтауға болады.Негізгі әдістеме болып аускультация (тыңдау) болып табылады.
Емдеуші 10-15 минут тыныс алған соң отырғанда немесе жатқанда қан қысымын өлшеп, нақты көрсеткіштерді алуға болады. 3 реттен кем емес өлшейді. Орта көрсеткіш алынады.
Қалыпты қан қысымы көлемі жеке ерекшеліктерге, өмір салтына , еңбек түріне байланысты.
Қан қысымының көлемі тұрақсыз, өзгермелі болуы мүмкін:
- уақытша өзгерістер: таңертең қан қысымы төмен, ал кешке жоғары;
- жастық өзгерістер: жасқа байланысты қан қысымы біртіндеп жоғарылайды.
Бұл физикалық және психологиялық көңіл-күймен күшпен
түсіндіріледі. Қан қысымының деңгейі едәуір ауытқуына қарамай, ағзада қан қысымы деңгейін реттейтін күрделі механизмдер бар, олар қан қысымын қалыпты жағдайға келтіреді.
Қан қысымының қалыпты жағдайда реттеу механизмнің бұзылуы жиі байқалады. Қан қысымының жоғарылауы – артериялық гипертензия, қан қысымының төмендеуі гипотензия деп аталады.
Ауру тарихында қан қысымы сан бөлшегі түрінде белгіленеді, ал амбулаторлық карта мен температуралық парақта бағана түрінде белгілеуге болады (жоғары шекара систолалық қан қысымы, ал төменгі диастолалық қан қысымын анықтайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет