Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет202/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек функциялары:
- автоматизм функциясы
- өткізгіш функциясы
- қозу функциясы
- жиырылу функциясы

12 тіркемелері бар:


І. 6 аяқ қол тіркемелері
а) 3 стандартты
б) 3 күшейтілген
ІІ. 6 кеуде тіркемелері

Жүректің электр осінің қалыпты орналасуы.

І стандартты тіркеме –потенциал айырмашылығы екі қол арасында,


ІІ стандартты тіркеме – оң аяқ және сол қол арасында,
ІІІ стандартты тіркеме – сол қол және сол аяқ арасында тіркеледі.
І стандартты тіркеме – жүректің алдыңғы қабырғасының потенциал айырмашылығын тіркейді.
ІІ стандартты тіркеме – жүректің артқы қабырғасының биотогін тіркейді.
ІІІ стандартты тіркеме – интегральды, артқы және алдыңғы қабырғаларының қоспасы.
Біріккен электрод индиферентті деп аталады.
Күшейтілген тіркемелер:
1. оң қолдың күшейтілген тіркемесі – aVR
2. сол қолдың күшейтілген тіркемесі – aVL
3. сол аяқтың күшейтілген тіркемесі – aVF
aVR және aVL алдыңғы қабырға потенциал айырмашылығының тіркемесі (І тіркеме).
aVF – артқы қабырғаның тіркемесі (ІІІ тіркеме)
Барлық тіркемелер (стандартты және күшейтілген)фронтальды жазықтықта потенциал айырмашылығын тіркейді.
Кеуде тіркемелерінде горизонтальды және сагиталды жазықтықтағы потенциал айырмашылығын тіркейді.


Вазография – адамның әртүрлі жүйелері мен мүшелерінің барлық қан тамырларын контрасты зерттеу әдісі. Вазография әдісінің құрамына ангиография, артериография, венография және т.б. кіреді. Контрасты зат артерия немесе венаға пункция жасау арқылы енгізіледі. Ми тамырлары, кеуде және құрсақ қолқасының тармақтары, перифериялық тамырлар осылай зерттеледі. Контрасты затты венаға, яғни көк қан тамырына енгізгенде қақпа, аяқ – қол, жоғарғы және төменгі қуыс веналарының, өкпе артериясының және т.б. қан тамырларының жағдайын анықтауға болады. Жүректің қан тамырларын контрасты зат арқылы зерттеу әдісі – коронарография, ал өкпе тамырларын зерттеу әдісі – ангиопульмонография деп аталады. Контрасты затты жіберу үшін тамырды жалаңаштап, оған зонд кіргізеді. Экран көмегімен оны тиісті жерге дейін жылжытады, сосын арнайы шприцпен контрасты затты арнайы рентгенді қондырғы көмегімен («Хирадур», «ТУР-1500», «Филлипс», «Элема», «Сименс» және т.б.) бірнеше рентгенограмма серияларын түсіреді.
Ангиографияда зондты сол шынтақ венасына, ал бүйрек тамырларын зерттеу үшін – сан артериясына кіргізеді.
Ангиография қажетті контрасты заттың мөлшерін науқастың жасына, дене салмағына, дене бітіміне, жағдайына және зерттеу сипатына байланысты болады.
Ангиография әртүрлі себептерге байланысты туындайтын жүрек ақауын, оның орын анықтауға, қолқа тамырларын, қандай-да бір мүше тамырларын зерттеуге мүмкіндік береді,көп жағдайда ісіктер мен қабыну процестері арасындағы айырмашылықтарды анықтауға, яғни дифференциальдық диагностика жасауға көп көмегі бар. Бұл әдіс перифериялық тамырлар жағдайына объективтік ақпарат береді, әсіресе олардың патологияларын анықтауға мүмкіндік береді, яғни дифференциалдық нақтама жасауға көп көмегі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет