Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Коронография көрсетпелері



бет204/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Коронография көрсетпелері: созылмалы коронарлық жетіспеушілік, коронарлық жетіспеушілік белгілері бар қолқа қақпасының ақаулары, жедел коронарлық тамырлардың тарылуы және окклюзиясы (бітеліп, тығындалу) және т.б. аурулар. Коронаграфияға науқасты мұқият дайындайды.
Коронаграфияның қарсы көрсетпелері : ми қан айналымының жедел түрдегі бұзылуы, жедел жұқпалы аурулар, йод препараттарына жоғарғы сезімталдық, жүрек декомпенсациясы, жүрек ырғағының бұзылуы, бауыр мен бүйректің ауыр түрдегі зақымданулары, науқас салмағының артық болуы.
Коронаграфия жүргізер алдында науқас толықтай зерттеледі, қайта электрокардиография жүргізіледі. Зерттеу барысында электрокардиография бірнеше рет қайталанады. Міндетті түрде дәрілік дайындық жүргізіледі. Процедура бөлмесі жедел тірілту іс-шараларын жүргізуге қажетті заттармен, дәрілермен қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан осы жұмыстарды жүргізуде мейірбикенің алатын орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет