СТАНДАРТ Нағыз (абсолюттік) тұйык дыбыс шектерін анықтау (жүрек
өкпемен жабылмаған жері . Перкуссия реті бірдей, бірақ шала тұйық
дыбыс шектерінен ішке карай жай перкуссия арқылы анықталады:
а) оң жақ шегі - төстiң сол жақ шетінде IV -V қабырға аралықта.
6) жоғарғы шегі - сол жак төс жанындағы сызығы бойында ІҮ қабырға
аралықта (плессиметр-саусақты жоғарғы шала тұйық дыбыс шегіне
қабырғаға параллель етіп қойып, төмен қарай перкуссиялайды, бәсең
дыбысы анықталғанша).
в) сол жақ шегі – жүректің сол жак шегіне сәйкес келеді не одан 1 см ішке орналасады.
СТАНДАРТ Жүректің көлденең енін анықтау Ол үшін:
1. ІҮ қабырға аралықта жүректің оң жақ шегінен дененің ортаңгы сызығына дейін өлшеңіз. Қалыпты жағдайда = 3-4 см тең.
2. Сосын Ү қабырға аралықта жүректің сол жак шегінен дененің
ортаңғы сызығына дейін өлшеңіз. Қалыпты жағдайда 8-9см тең.
3. Жалпы жүректің көлденең ені= 11-13см.