Жүрек тонының екіге бөлінуі және жарықшақтануы. Тонның екіге бөлінуі деп бір тонның екі қысқа дыбысқа бөлінуін айтады.
Егер бөлінген жүрек тондар аралығы өте кішкентай болса және бөлінген бөлшектері анық естілмесе, оны жүрек жарықшақтануы деп айтады.
Жүрек тондарының физиологиялық бөлінуіжас адамдарда кездеседі, тыныс алуымен немесе күш түсумен байланысты және тұрақсыз болады.
І тонның бөлінуі қос және үш жармалы қақпақтардың кездейсоқ жабылуына байланысты болады. Ол жоғары гипертонияда және Гис будасының бір сабағының блокадасында анықталады.