Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Жүрек қақпақтарының проекциялары



бет188/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек қақпақтарының проекциялары.

Қолқа (аорта) қақпағы Өкпе артериясының қақпағы



Үш жармалы қақпақ Қос жармалы қақпақ
Жүрек тондарының өзгерістері.
Түрлері: жүрек тондарының бір мезгілде немесе жеке күшеюі мен әлсіреуін ажыратады.
І тонның күшеюі митральді стенозда кездеседі. Сол жақ антриовентрикуляр тесігі тарылуының себебінен диастола соңында жүрекшелерде қан көп қалады, әлі толмаған қарыншаларға қан құйылу тоқтамайды. Сондықтан митральді қақпағының жармалары екі жаққа ажырайды. Систола баста басталғанда бұл жармалар қанның қарсыласуына байланысты қатты жабылады, ал сол қарыншаның бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді.
І тонның күшеюі жыбыр (марцательді) аритмияда кездеседі. Жүрекшелер жиырылуы мен жүрек қарыншаларының жиырылуының арасында бір- бірімен байланыс немесе реттілік жоқ болуына байланысты, жүрекшілер өз ырғағында, қарыншалар өз ырғағында , қарыншалар өз ырғағында жиырылады. Сондықтан кей кезде жүрекшелері мен қарыншаларының жиырылуы бір мезгілде тап келіп қалып отырады. Сол кезде І тонның күші көбейеді, оны Стражесконың «зеңбірек тоны» деп атайды.
І тонның әлсіреуі. Қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде қақпақтардың жармалары қысқарып, атриовентрикуляр тесігі толық жабылмауына байланысты І тонның қақпалы компаненті жойылып, бұлщық ет компаненті төмендейді. Сондықтан І тонның күші азаяды.
Аорта қақпағының жетіспеушілігінде систола кезеңінде жабылған қақпақтардың кезеңі жойылады. Сондықтан І тоңының қақпалы компонент нашарлап, І тон әлсірейді.
ІІ тонның күшеюі. Дистоланың басында аортада қысым көтерілуіне байланысты аорта жармалары қатты күшпен жабылады, сондықтан аорта үстінде артериалды гипертензияда, ауыр күш түскенде, психикалық қозуында ІІ тонның күшеюі естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет