Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет185/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек тондары – жүрек жұмысы кезінде пайда болатын дыбыстар.
І тон – систолалық, систола кезінде пайда болады.
ІІ тон (және ІІІ, VI) – диастолалық.
ІІІ тон жас сау адамдардың 20% естуге болады.
Жүректің І тонының пайда болу механизмі үш компоненттерінен тұрады:
1. бұлшық ет компоненті – қарыншалар қабырғаларының тербелісінен пайда болады.
2. қақпалы компонент – 4 қақпақтардың тербелісінен пайда болады (екі
жабылатын және екі ашылатын қақпақтар).
3. тамыр компоненті – қан айдау кезеңінде қолқа мен өкпе артериясының қабырғаларының тербелісінен пайда болады.
Жүректің ІІ тонының пайда болу механизмі.
ІІ тон 3 бөлшектен тұратын қақпалы компоненттен құралады:
1 бөлшегі – протодиастола фазасында өз орындарына қайта оралып келе жатқан қолқа және өкпе артериясы қақпақтарының тербелісінен тұрады.
2 бөлшегі – жабық тұрған қолқа және өкпе артериясы жарты ашық қақпақтарының тербелісіне байланысты пайда болады (қан толқыны жабық тұрған қақпақтарға соғады да, оларды тербеліске келтіреді.)
3 бөлшегі – қанға толу кезеңінің басында ашылатын қос және үш жармалы қақпақтардың тербелісінің әсерінен туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет