5. Тамыр будаларының шектерін анықтау. Ол үшін жүрек шегін төстің екі жағында ІІ қабырға аралығында жай перкуссиямен анықтайды. Жүрек шегін саусақтың сыртқы шетімен белгілейді. Қалыпты жағдайда тамыр будалар шегінің ені = 5-6 см. Тамыр будалар шегінің кеңеюі көкірек қуысының қатерлі ісіктерінде және аортаның аневризмасында кездеседі.
ЖҮРЕК АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ Жүректі тыңдау – көптеген ауруларға диагностика жасаудағы, әсіресе туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезіндегі маңызды әдіс. Жүрек аускультациясы жүрек қызметі кезіндегі оның әр бөлшегінің тербелісінен туатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.