ЖҮРЕК ПЕРКУССИЯСЫ Жүректің көлемі мен конфигурациясын, тамыр будаларының шектерін, жүректің шала және нағыз тұйық дыбыс шектерін анықтауға болады.
1. Шала тұйық дыбыс шектерін анықтау: а) оң жақ шегі – IV-V қабырға аралығында төстің оң шетінен 1-1,5см сыртқа қарай орналасады және оған оң жақтағы жүрекше сәйкес келеді.
Бауырдың жоғарғы шегін анықтағаннан кейін плессиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып, оны жүрек шегіне параллель орналастырып, жай перкуссияны жүргізеді. Оң жақ шегін саусақтың сыртқы шетінен белгілейді.
б) сол жақ шегі – жүрек ұшы соққысы орналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды. Перкуссияны алдыңғы қолтық сызығынан бастап, дыбыс бәсеңдегенше, жәймендеп төске қарай жүргізу керек. Қалыпты жағдайда сол жақ шегі 5 қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1-2см ішке қарай орналасады және оған сол қарынша сәйкес келеді.
в) жоғарғы шегі – 3-ші қабырға аралықта. Ол үшін бұғанадан бастап, сол жақ төс жанындағы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Бәсең дыбыс анықталған нүкте жоғарғы шегі болып есептеледі. Жоғарғы шегі өкпе артериясына және сол жүрекшеге сәйкес келеді.
Жүректің оң, сол және жоғарғы шала шектерін анықтағанда плессиметр саусақтың қалпы.
Жүректің оң шала тұйық шегін Жүректің сол шала тұйық шегін анықтау анықтау