Эпигастральды пульсация- оң жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясында, қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасында, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігінде байқалады. Қалыпты жағдайда ол әлсіз көрініп тұрады.
Аяқтарды қарау және пальпация жасау кезінде оң жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қарағанда және пальпаторлы сипағанда симметриялық аймақтарда ісіктер анықталады. Олар тығыз келеді, күннің соңына таман пайда болады, ісіктің үстіндегі терісі цианозды болады.Аяқ веналарының варикозды кеңеюі кезінде, әсіресе тромбофлебитте зақымдалған аяқтарда жергілікті ісінулер байқалады (асимметриялық). Аяқ артериялары зақымдалған кезде (эндартериит, атеросклероз) терісі бозарады, кейде қабыршақтанады. Аяқтары ұстағанда салқын болады. А.dorsalis pedis және a. tibialis posterior тамыр соғысы азаяды немесе толықтай жоғалып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |