ЖҮРЕК ПАЛЬПАЦИЯСЫ Жүректі пальпациялау – жүрек ұшы соққысын (нақты орнын,ауданын биіктігін, күшін, төзімділігін), сонымен бірге жүрек соққысының қасиетін, басқа да пульсацияларды, жүрек пен ірі тамырлар тұсындағы кеуде клеткасы қабырғасының дірілін анықтауға мүмкіндік береді.
Ж үрек ұшы соққысын анықтау үшін, пальпацияда оң қолдың алақанын көлбеу бағытта жүрек тұсына қояды (алақан негізімен төске, ал саусақтармен 4-ші, 5-ші, 6-шы қабырға аралықтарына).
Қалыпты жағдайда жүрек ұшы соққысы сол жақта 5-ші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасады. Жүрек ұшы соққысының ауданы қалыпты жағдайда-2 см² тең. Егер оның ауданы бұдан көп болса жайылма жүрек ұшы деп атайды. Егер жүрек ұшы соққысының ауданы 2 см² кем болса, оны шенеулі жүрек ұшы деп атайды.
Жүрек ұшы соққысының биіктігі – жүрек ұшы тұсындағы кеуде клеткасы тербелісінің амплитудасы болып табылады. Ол жоғары және төмен болуы мүмкін. Жүрек ұшы соққысының күші саусақтарға сезілетін қысыммен анықталады.
Жүрек ұшы соққысының күші миокардтың функционалдық жағдайына, оның тонусына, жүрек бұлшықетінің қалыңдығы мен тығыздығына байланысты болады.