Мальабсорбция синдромы-аш ішекте ас қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы. Ол диареямен, дене салмағының төмендеуімен және тамақтың жеке компоненттерінің тапшылығымен көрінеді, жеке алғанда темірдің жетіспеуінен гипохромды анемия дамуы болады. Ас қорытылу процесі қуыстық және іргелік (мембраналық)фазалардан тұрады.Қуыстық ас қорытылуының бұзылысы аш ішекте ұйқы безі ферменттерінің жетіспеушілігінен , ұйқы безі ауруларының салдарынан сыртқы секрециясы жетіспеушілігінен (созылмалы панкреатит, ісік, муковисцидоз), және өт жолдарының бітелуіне байланысты өт қышқылы тұздарының жетіспеушілігінен немесе бауыр ішілік холестазға байланысты дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |