Ауру тарихы (anamnesis morbi)
Ауру тарихын сұрастырғанда аурудың қалай және қандай симптомдармен басталғандығын сұрастыру керек. Бұрын соңды дәрігерге қаралды ма, қандай тексеру тәсілдері жүргізілді, емнің нәтижесі қандай? Аурудың ағымы жөнінде, өршуі жөнінде және амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылдадыма, соны сұрастыру керек. Аурудың пайда болған уақытын , сипатын және жағдайының соңғы нашарлауы қашан болғандығын анықтау қажет.
Науқастың өмір тарихы (anamnesis vitae)
Асқазан , ішек жолдарының ауруында дұрыс тамақтанбау , ащы, ыстық тағамдарды жиі тұтыну , шылым шегу мен ішімдік ішу маңызды орын алады. Кәсібіне байланысты кәсіптік зиянкестерді анықтау қажет(жиі болатын стресс, өндірістегі токсикалық заттармен жанасу, мысалы металл шаңын жұту). Тұқым қуалаушылығында ас қорыту жүйесінің ауруларына бейімдеушілігі бар адамдарда, жиі стресстің болуы, шылым шегу, асқазан ойық жарасының дамуының жиі себептеріне жатады. Сондықтан да науқастың тұқымқуалаушылық ауруларын мұқият сұрастыру керек.
Бірақ бұл генетикалық дефектінің көрініс беруіне қоршаған ортаның жоғарыда көрсетілген факторлары да себеп болады.
Сонымен қатар кейбір дәрі дәрмектерді ұзақ мезгіл қабылдау ас қорыту жүйесінің көптеген ауруларына алып келеді. Атап айтатын болсақ, қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар, антибиотиктер және басқа да дәрі-дәрмектер.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды жалпы қарау схема бойынша жүргізіледі. Тері жамылғысын қараған кезде , асқазан ішек жолдарынан көп мөлшерде қан кеткенде (асқазан жарасы, асқазан рак ауруында және тоқ ішектің рак ауруында) науқастың тері жамылғысы мен кілегей қабаттары бозғылт болады.
Бауыр ауруларында тері жамылғысы сарғыш түсті болады.
Асқазан рак ауруында науқас кахексияға дейін арықтайды. Сонымен қатар жиі аяқтардағы дистрофиялық ісінулер кездеседі (гипопротеинемиялық)
Достарыңызбен бөлісу: |