ІШТІҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ
Пальпация – құрсақ қуысының физикалық тексеру әдістерінің ішінде ең маңыздысы болып табылады. Сипап сезу үшін зерттеуші науқастың оң жағында орындықта отырады.
Орындық кушетка деңгейінде болуы керек. Науқас арқасымен жатады,басы түсіңкі, қолы созылыңқы, құрсақ қуысы бұлшық еттері босаңсыған қалыпта болуы керек, тыныс алуы біркелкі, ауызбен дем алғаны дұрыс. Медицина қызметкерінің қолы жылы, тырнақтары алынған болуы керек . Әуелі беткей пальпация жүргізіледі.
Негізгі мақсаты:
1) құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюын анықтау.
2) ауырсыну аймақтарын анықтау.
3) құрсақ қабырғасындағы тері астылық түйіндерді, ісіктерді және грыжаны анықтау .
Беткей пальпацияда оң қолдың саусақтары сәл бүгілген қалыпта науқастың ішіне орналастырылады. Қол саусақтарын бір орыннан екінші орынға ауыстыра отырып, беткей пальпация жүргізіледі. Сол жақ мықын аймақтан бастап, сағат тіліне қарама-қарсы бағытта оң жақ мықын аймағына , іштің ақ сызығы бойымен жоғарыдан төмен эпигастрий аймағына жасайды . Беткей пальпацияны жоғарыдан бастап, симметриялық аймақтарға да жасауға болады. Қалыпты жағдайда, беткей пальпацияда іші жұмсақ , барлық аймағында ауырсынусыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |