Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет223/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек айну (Nausea). Ол көбінесе құсумен қатар кездеседі немесе онсызда болуы мүмкін. Кезбе нервтің тітіркенуімен байланысты жүретін рефлекторлық акт. Жүрек айнудың механизмі толықтай анықталмаған. Жүрек айну эпигастральды аймақтағы қысыммен жүретін жағымсыз сезіммен байланысты. Ол жалпы әлсіздікпен, бас айналумен, күшті сілекей бөлінумен (саливация) қатар жүреді және көбінесе асқазан ауруына байланыссыз да болады. Мысалы: жүрек айну жүкті әйелдердің токсикозында, бүйрек жетіспеушілігінде, ми қан айналысының бұзылысында кездеседі.
Құсу (Vomitus) – жиі кездесетін шағымдарға жатады. Асқазанның әр түрлі ауруларында болады (жедел және созылмалы гастрит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, асқазан рак ауруы).
Сонымен қатар асқазан ауруларына байланыссыз пайда болуы да мүмкін.
1. Жүйке жүйесі ауруларына байланысты құсу (орталық), (бас миының ісігі, менингит, бас-ми жарақаты, бас миы ішілік қысымның жоғарылауы және т.б.)
2. Висцеральды құсу (перифериялық, рефлекторлық). Асқазан мен 12 елі ішек жарасында жедел холециститте, өттас ауруында кездеседі.
3. Гематогенді-токсикалық құсу. Уремия кезінде және әр түрлі улануларда кездеседі. Құсу кезінде, құсықтың сипатын, оның пайда болуын және құсқаннан кейін науқастың жағдайы жеңілдейді ме , жоқпа соған мән берілу қажет.
Сонымен қатар құсудың пайда болу уақытын анықтайды. Порталды гипертензияда құсу аш қарынға болады, жедел гастрит, асқазан жара ауруында құсу тамақ ішкеннен кейін бірден болады(құсу сонымен қатар психогенді себептермен байланысты болуы мүмкін). Күн соңында болатын құсу - асқазан эвакуациясының бұзылысында, таңертеңгілік құсу- ОЖЖ зақымдануында, жүктілікте, уремияда, алкогольдік гастритте кездеседі.
Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша шағымдарын да сұрастыру қажет. Бас айналу, құлақтың шулауы Менъер ауруында байқалады (вестибулярлық аппараттың зақымдануы). Асқазан мен 12 елі ішек жара ауруында құсқаннан кейін асқазан тұсындағы ауырсыну басылып, науқас жеңілдік сезінеді.
Артериалды гипертензия кезінде құсқаннан кейін бас ауруы басылады.
Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасында қышқыл иісті құсық болады.
Гипо және ахлоргидрияда май қышқылдарының түзілуіне байланысты майдың иісі шығып тұрады.
Шіріген, сасық иісті құсық тағам асқазанда тұрып қалғанда кездеседі.
Аммиак, несептің иісі шығатын құсық созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде, нәжістің иісі бар құсық-асқазан мен тоқ ішектің жыланкөзінде және ішек өткізгіштігі бұзылғанда кездеседі.
Сұрастыру барысында науқастың тәбетіне мән берілу керек. Асқазан қышқылдылығы төмендегенде, тәбет төмен болады. Ал керісінше асқазан қышқылдылығы жоғарылағанда тәбет жоғарылайды.
Тәбеттің мүлдем болмауы (анорексия) әсіресе еттен жасалған тағамдарды жей алмау асқазан рак ауруында кездеседі.Науқас тәбетінің нашарлауымен қатар арықтауға, салмақ жоғалтуға шағымданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет