Функционалды дисфагиядақою тамақты науқас жұта алады, сұйық тамақты жұта алмайды . Функционалды дисфагия үнемі мазаламайды, әр түрлі стресстік жағдайларда ғана байқалады.
Дегенмен функционалдық дисфагия диагнозын инструменталдық тексеру әдістерінен кейін және аурудың органикалық себептері болуы мүмкін емес екендігін анықтағаннан кейін ғана қояды.Дисфагия өңеш бойының ауруымен қатар кездесуі мүмкін (одинофагия). Ол өңеш бойының кілегей қабатының күюі, өңештің қабынуы (эзофагитте), өңеш ісігінде де болады.
Өңештің жедел тарылуында өңешке тән құсу болады. Асқазан құсығынан айырмашылығы, құсық сілтілі және құсықта тамақ қалдықтары болады. Сонымен қатар жүрек айнумен қатар жүрмейді. Құсық құрамында қан жұғындылары болуы да мүмкін, ол ісіктің ыдырауында және өңештің жара ауруында кездеседі.
Көп мөлшерде қан кету өңештің варикозды веналарының кеңеюіне байланысты . Бұл бауыр циррозы ауруында кездеседі.