Көлденең тоқ ішекті пальпациялау Көлденең тоқ ішекті пальпацияламас бұрын асқазанның үлкен йінін тауып алу керек. Осы мақсатта келесі әдістерді жүргізеді.
Перкуторлы-пальпация әдісі-оң қолды ішке қойып ІІ-ІV саусақтарды құрсақ қабырғасының алдыңғы қабырғасынан алмай ,саусақ ұштарымен соққылайды.Асқазанда сұйықтық болған жағдайда «шылпыл шуы» (шум плеска) пайда болады.Саусақтарды 2-3 см аралығында жылжыта отырып, осындай соққыны «шылпыл шуы» жойылғанша жүргізеді,бұл деңгей асқзанның үлкен йініне сәйкес келеді.Содан соң құрсақ қабырғасынан қолды алмай, пальпацияны 2-3 см төмен «шылпыл шуы» жойылып кеткенше жүргізеді.Осы аймақ асқазанның үлкен йініне сәйкес келеді.
Аускультация-перкуссия әдісі –іштің тік бұлшық еттерінің қырымен алдыңғы құрсақ қабырғасына, сол қолмен стетоскопты (фонендоскопты) орналастырады.Оң қолдың ІІ саусақ ұшымен жоғарыдан төмен қарай үздікті, әлсіз соққы жүргізіп отырады. Асқазаннан шыққан перкуторлық дыбысты стетоскоппен (фонендоскоппен) тыңдап, анық тимпанды дыбыстың , тынық тимпанды дыбысқа ауысқан шекарасын белгілейді.Перкуторлық дыбыстың өзгерген тұсы асқазанның үлкен йінінің орналасқан тұсына сәйкес келеді.
Аускульто-аффрикция әдісі- алдыңғы әдіспен салыстырғанда айырмашылығы :үздікті соққының орнына іштің сол жақ тік бұлшық еті үстінен саусақ ұшымен штрих тәрізді (сызық) көлденең жылжыта отырып жүргізеді. Анық дыбыстың тынық дыбысқа өзгерген тұсы асқазанның үлкен йініне сәйкес келеді.