Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің пальпациясы Тоқ ішектің төмендеген бөлігі сол жақ фланкта дене осіне параллель орналасқан. Медицина қызметкері науқастың сол жақ белінің астына 12-ші қабырғадан төмен оң қол саусақтарын біріктіріп, тігінен орналастырады.Оң қол саусақтарының ұштарын іштің тік бұлшықетінің сыртқы қырына параллель немесе одан 2 см сыртқа қарай, сол жақ фланк үстіне орналастыру керек. Саусақ ұштары алақан жағымен кіндікке қарай, ал ортаңғы саусақ кіндік деңгейінде орналастырылады. Құрсақпен демді алу кезінде саусақтардың алақан беткейінде тері қатпары түзілетіндей етіп кіндікке қарай жылжытады. Содан соң науқастан құрсақпен демін шығаруын сұрап, алдыңғы құрсақ қабырғасы босаңсыған кезде саусақтарды терең құрсақ қуысына енгізеді.Саусақ ұштарымен жылжымалы пальпация жүргізеді.Осы кезде валикті айналдырған тәрізді сезім болады. Терең жылжымалы пальпация арқылы ішектің диаметрін, консистенциясын, бетін, қозғалғыштығын,ауырсынуды және шұрыл феноменін анықтайды.