Стандарт Асқазан сөлін зерттеу Асқазан сөлін алудың фракциялық тәсілі Мақсаты: диагностикалық, асқазан сөлін зерттеу үшін 8 таза ыдысқа жинау.
Көрсетпе: асқазан қызметінің секреторлық қызметін тексеру.
Қарсы көрсетпе: пациентті зерттеу барысында дәрігер мен мейірбике анықтайы. Жабдықтау: 1. зарарсыздандырылған жіңішке асқазан зонды
2. этикеткасы бар 9 таза ыдыс
3. асқазан сөлін алу үшін 20,0 мл зарарсыздандырылған шприц
4. тітіркендіргішті енгізу үшін 2,0 мл зарарсыздандырылған шприц
5. гистамин 0,1 %, пентагастрин 0,025%
6. резеңке қолғап
7.жеке сүлгі
8. лоток
9. жолдама
Осы іс-әрекетке байланысты дамитын проблемалар: 1. зонд енгізгенде пациенттің жүрегінің айнуы
2. процедурадан қорқу
3. процедурадан бас тарту
4. зондты енгізгенде пациенттің тұншығуы
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамсыз етуге бағытталған мейірбейкенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипулация туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. орындыққа пациентті арқасын орындыққа тигізіп, отырғызыңыз, басын сәл алға қарай бағыттаңыз.
3. қолыңызды жуыңыз.
4. резеңке қолғап киіңіз.
5. сүлгіні пациенттің мойнына және кеудесіне жайыңыз.
6. тіс протезін алуын сұраңыз ( протез болған жағдайда).
7. зондты қандай ұзындыққа жуу қажеттігін анықтаңыз (бой ұзындығынан 100 см алу).
8. упаковкадан зарарсыздандырылған зондты шығарыңыз.
9. зондтың тұйық бөлігін 10-15см қащықтықта оң қолға алыңыз, ал зондтың бос бөлігін сол қолмен ұстаңыз.
10. пациенттің ауызын ашуын өтініңіз. Зондтың тұйық бөлігін дистелденген суға малыңыз.
11. зондтың тұйық бөлігін тіл түбіріне қойыңыз.
12. мұрын арқылы терең дем алуын өтініңіз және зондты жұтуын сұраңыз. (Ескерту: пациентті жөтел байқалса зондты тез қайта шығару керек).
13. зондты керекті белгіге дейін енгізіңіз.
14. ашқарынға асқазандағы сұйықтықты ыдысқа сорып алыңыз.
15. әр 15 минут сайын 1 сағат ішінде асқазан сұйықтығын алыңыз, ыдыстарға жинаңыз (4,5,6,7- порция, қоздырғышсыз немесе базальді секреция).Ескерту: әр порция көлемі анықталады.
16. пациент салмағының әр 10кг 0,1 % гистамин ерітіндісі 0,1 мл тері астына енгізіңіз,(аурудың терісінің қызаруы, басы айналып, құсқысы келетінін ескерту қажет), 0,025% пентагастрин ерекше үлгімен беріледі.
17. келесі бір сағат ішінде әрбір 15 минут ыдысты ауыстырып, асқазан сөлін 4 бөлігін сорып алыңыз(қоздырғыш көмегімен).
18. асқазан сөлін жинаған маркерленген ыдысты зертханаға жіберіңіз.
19. қолғапты зондты, шприцті, лотокты САНПиН ережелеріне сәйкес дезинфекциялаңыз.
Ескерту: 1. Зондта әр 10 см сайын белгі бар.
2. Зерттеу таңертеңгілік аш қарынға жүргізіледі.