Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Асқазан сөлінің қалыпты көрсеткіштері



бет256/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Асқазан сөлінің қалыпты көрсеткіштері.
Ашқарын сөлі :
Мөлшері-0-50мл;
Жалпы қышқылдығы-40т.е. дейін;
Бос HCL-20т.е дейін;
HCL дебит – сағат – 2ммоль/сағат;
Бос HCL дебит – сағат-1ммоль/сағат;
Базальді сөлі :
Мөлшері-50-100мл;
Жалпы қышқылдығы-40-60 т.е.
Бос HCL -20-40 т.е.;
Байланысқан HCL -10-15 т.е.;
HCL дебит-сағат-1,5-5,5ммоль/сағат;
Бос HCL дебит-сағат-1-4ммоль/сағат;
Күшейтілген сөлі- Мөлшері -50-110мл;
Субжоғарғы күшейтілу:
Гистаминмен-100-140мл;
Жоғарғы күшейтілу-180-200мл;
Жалпы қышқылдығы-80-100т.е.;
Бос HCL-65-85т.е.;
Байланысқан HCL -10-15т.е.;
HCL дебит –сағат-1,5-6,0ммоль/сағат;
Бос HCL дебит сағат-1-4,5ммоль/сағат;
Микроскопиясы:
Лейкоциттер-азғантай;
Эритроциттер-болмайды;
Жалпақ эпителий-азғантай;
Крахмал түйірі-бірлі-жарым;


СТАНДАРТ
Ұлтабарды зондылау
Мақсаты: диагностикалық-өтті зерттеу үшін 3 порциясын алу.
Көрсетпе: өт қалта, өт жолдарынан, ұйқы безінің,12-елі ішектің аурулары.
Қарсы көрсетпе: жедел холецистит, асқазан және 12-елі ішектің жаралы ауруының қозуы, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, жұтынудың қиындауы және ауырсынуы, өңештің тарылуы, омыртқаның мойын-кеуде бөлімінің қисаюы.
Жабдықтау:
1. зарарсыздандырылған ұлтабар зонды
2. 20,0мл зарарсыздандырылған шприц-2дана
3. 33% магний сульфаты ерітіндісінің 30,0-50,0мл
4. асқазан сөліне арналған ыдыс
5. пробиркалар мен штатив
6. орындық
7. резеңке қолғап
8. жеке сүлгі
9. лоток
10. жастықша (валик)
11. жылытқыш
12. жолдама
13. дезинфекциялық ерітінділер
14. дезинфекцияға арналған ыдыс
Осы іс-әрекеттер байланысты дамитын проблемалар:
1. зонд енгізгенде пациент жүрегінің айнуы
2. процедурадан қорқу
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттылған мейірбикенің іс-әрекеті:
1. пациентті жүргізілетін манпулация туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. орындыққа пациентті арқасын орындыққа тигізіп, отырғызыңыз..
3. қолыңызды жуыңыз және резеңке қолғап киіңіз.
4. сүлгіні пациенттің кеудесіне жайыңыз және қолына лоток беріңіз.
5. тіс протезін алуын сұраңыз(протез болған жағдайда).
6. залалсыздандырылған зондты оң қолға алыңыз, ал зондты бос бөлігін сол қолмен ұстаңыз.
7. пациенттің ауызын ашуын өтініңіз.
8. зондтың олива бар бөлігін тіл түбіріне қойыңыз.
9. мұрын арқылы терең дем алуын өтініңіз және зондты жұтуын сұраңыз.
10. зондты асқазанға дейін 45см енгіземіз.
11. зонд асқазанға түскенін тексеру үшін, Жанэ шприц арқылы асқазандағы сұйықтықты тартамыз.Егер лайлы қышқылы реакциясы бар сұйықтық шықса,зонд асқазанда болғаны.
12. пациентті тұрып, жүруін және зондты әрі қарай жұтуын сұраңыз.
13. пациенттің оң қабырға астына жылы жылытқыш, ал жамбас астына жұмсақ валик қойып, оң қырына жатқызыңыз.
14. зондтың сыртқы ұшын пробиркаға салыңыз.
15. егер олива 12-елі ішекке түссе, пробиркаға сілтілі реакциясы бар сары түсті сұйықтық тұрған жерін анықтау үшін шприц арқылы зондқа ауа жіберініз.
16. Зонд асқазанда болса,науқас ауаның барғанын сезеді және шұрыл естіледі. Егер зонд 12-елі ішекте болса, науқаста мұндай сезім болмайды, ешнәрсе естілмейді. Зонд 12-елі ішектің қалтқысының алдында тоқтап қалса, пациентке натрий гидрокарбонаттың 2-3г 10мл суға ерітіп,жылы күйінде беріңіз.
17. I фаза (холедохус фазасы)-зондтың оливасы 12-елі ішекте болады.Одди сфинктері босансып,зонд арқылы 14-16 мл ашық сары түсті сұйықтық бөлінеді(А порциясы)-бұл өттің, панкреатикалық және ішек сөлдерінің қоспасы.А порцияның ұзақтығы 10-20 мин.
18. II фаза(жабық Одди сфинктерінің фазасы)-зонд арқылы өт қалтаның жиырылу тітіркендіргіш (стимулятор) жіберіңіз(25-50 мл 25-33 % магния сульфаттың жылы ерітіндісі немесе сорбиттің 40% ерітіндісі немесе холецистокинин гормоны тері астына енгізіңіз). Тітіркендіркіш енгізілгеннен кейін өт бөлінуі Одди сфинктерінің тарылуына байланысты тоқтайды. Бұл фаза 4-6 минутқа созылады.Одди сфинктерінің тарылуында фазаның уақыты ұзарады, ал гипотонияда-қысқарады.
19. III фаза өт жолынан және өт қалта мойнынан қайтадан ақшыл сары түсті сұйықтықтың бөлінуінен басталады-3-4 мин ішінде 3-5 мл сұйықтық шығады(А порциясы).
20. IY фаза – өт қалтаның өті немесе В порциясы-өт қалта жиырлып және Одди сфинктері мен өт қалтаның бұлшық еттері босаңсиды.
21. Y фаза-бауыр өті немесе С порциясы-қайтадан ақшыл сары түсті өт бөлінеді.
22. зондты шығарып, дезинфекциялаушы ерітіндіге салып қойыңыз.
23. қолғапты шешіп, дезинфекциялаңыз.
24. жолдама жазыңыз.
25. пробиркаларды зертханаға апарыңыз.
26. зондты, қолғапты, шприцтерді САНПиН ережелеріне сәйкес өңдеңіз.
27. қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:
1. Зерттеу таңертеңгілік аш қарынға жүргізіледі.(тамақ,су,дәрі ішуге және темекі шегуге болмайды)


2. Егер зерттеу материалында қан пайда болса,пациент жөтеліп,тұншықса зерттеуді тоқтату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет