Ал холецистит, холангит кездерінде өт коликасымен салыстырғанда әлсіз сыздап ауырсыну болып, майлы,қуырылған тағам ішкеннен кейін күшейеді.
Тамаққа тәбеттің төмендеуі, ауызға ащы дәмнің келуі, өт құрамымен қышқылды кекірік, жүрек айну ,құсу барлық гепатобилиарлы патологияларда кездеседі және асқазан диспепсияларынан ерекшелігі құсу науқасқа жеңілдік алып келмейді.
Ауру тарихы (anamnesis morbi)
Бауыр және өт жолдарының ауруы бар науқастардың анамнезін жинағанда аурудың сипатын, дамуын, оның тамақтанумен, ішімдік ішумен, дәрі-дәрмек қабылдаумен, сарғыштығы бар науқастармен қарым-қатынаста болуымен, қанға химиялық улардың және басқа да улардың түсуімен байланысы барма, соны анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |