Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет262/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Геморрагиялық синдром
Бауыр ауруларында бауырда фибриноген,тромбин және басқа да қан ұюға қатысатын факторлардың түзілісінің бұзылуына байланысты, тері астылық қан құюлар, қызыл иектің қанағыштығы, мұрынның қанағыштығымен көрінуі мүмкін. Сонымен қатар геморрагиялық синдром тромбоцитопениямен байланысты болуы да мүмкін. Бұл гиперспленизм (талақтың үлкеюіне байланысты қызметінің күшеюі) кезінде байқалады.
Бауыр ауруларының ауыр түрлерінде, жиі бауыр циррозында өңештің, асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кетіп, қан ішек жолдарына түскенде қара түсті нәжіс (melaena) болуы мүмкін. Қақпа венасы мен тік ішектің венасы арасында анастомоздар, варикозды түйіндер түзілгенде және олардың зақымдануында нәжіс алқызыл қан аралас болуы мүмкін. Сонымен қатар науқастар метеоризмге, асцитке байланысты іштің үлкеюіне де шағымдануы мүмкін. Бұл кезде іштің үлкеюіне қарамастан кеуденің жоғарғы жақтары, қолдары арық болады.
Бауырдың залалсыздандыру қызметінің бұзылысынан астено­невротикалық синдром дамиды. Науқасты жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тез шаршағыштық, эмоционалды тұрақсыздық (тітіркенгіштік, көңіл-күйдің тұрақсызыдығы, депрессиялық жағдайлар) және жиі бас ауруы, ұйқысының бұзылуы, қорқынышты түс көру мазалайды.
Бауыр паренхимасының ауыр зақымдануында күндіз ұйқышылдық , ал керісінше түнде ұйқысының бұзылуы, ұйқысыздық, естің бұзылуы пайда болады.
Бірқатар науқастарда, әсіресе өт қабымен бауырішілік өт жолдары, бауыр қабынғанда дене қызуы көтеріледі (лихорадка синдромы). Дене қызуының көтерілуін мына жағдайлармен түсіндіруге болады.:
1) бауыр, өт қабы, өт шығару жолдарында қабыну процестерінің дамуы;
2) бауырдың залалсыздандыру қызметінің бұзылысына байланысты пирогендік заттардың қанға түсуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет