Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Науқастың ауыз қуысын қарағанда



бет267/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Науқастың ауыз қуысын қарағанда :
Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын науқастарда еріннің терісінде және шырышты қабатында ісіну, қызару (ангулярлы стоматит), ауыз бұрыштарының жарылуын анықтайды. Бауыр жеткіліксіздігі дамығанда науқастың аузынан “бауырлық иіс” (foetor ex ore hepaticus) шығады. Тәттілеу, еттің иісіне ұқсас шығады.
Бауыр ауруларында науқастың тілі ашық –қызыл түсті (малина тәрізді), тілдің бүрлері атрофияланған, таңдайы сарғайған болады.
Бауыр және өт жолдарының аурулары науқастарда іштің үлкеюі өте жиі байқалады. Ол семіздікке, көп мөлшерде газдың жиналуына және құрсақ қуысында бос сұйықтықтың (асцит) жиналуына байланысты.
Асцит кезінде тұрған кезде құрсақ қуысы кіндікпен бірге алға қарай шығыңқы, ал жатқан қалыпта-тығыз, екі бүйірге қарай жайылып “құрбақа іші” тәрізді болады.
Бауыр циррозы кезінде портальды гипертензия синдромында кіндік айналасында тамырлар шоғыры “медуза басы” (caput medusae) пайда болады. Бұл бауыр циррозы кезінде қақпа венасы мен төменгі және жоғарғы қуыс венасының арасындағы анастомоздардың пайда болуымен түсіндіріледі.
Бауыр циррозының терминалды сатысында асцитте құрсақ қабырғасының терісі жұқарып, пергамент қағазы тәрізді болады. Осы жағдайда қолтық астында, шат аралықтағы түктер түсіп, тіпті ер адамдардың ішіндегі түктер түсіп, тақырланады.
Науқастың ішін қарағанда міндетті түрде операциядан кейінгі тыртықтарды қарау керек.
Кей кездері бауыр, өт қалтасының ісігінде бауырдың үлкеюінде, оң жақ қабырға доғасының шығыңқы болып тұруын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет