Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет268/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

БАУЫР ПЕРКУССИЯСЫ
Бауыр перкуссиясында да қалыпты жағдайда тынық, қысқа дыбыс болады.
Бауырдың жоғарғы шегін анықтау үш сызық бойынша жүргізіледі: оң жақ төс маңы сызығы (L. parasternalis dextra) , бұғана орта сызығы (L. medioclavicularis) және қолтық асты сызығы (L. axillaris dextra). Оң жақ төс маңы сызығы бойынша алтыншы қабырғаның жоғарығы қырына, оң жақ бұғана орта сызығы –алтыншы қабырғаның төменгі қырына сәйкес келеді.
Бауырдың төменгі шегі жоғарыда айтылған сызықтардан басқа алдыңғы орта сызығы, және сол жақ төс маңы сызығы бойынша да анықталады. Алдыңғы қолтық алды сызығы бойынша бауырдың төменгі шегі оныншы қабырғаның төменгі қырына, оң жақ бұғана орта сызығы бойынша қабырға доғасының төменгі қырына, оң жақ төс маңы сызығы бойынша –қабырға доғасынан 2см төмен, алдыңғы орта сызығы бойынша семсер тәрізді өсінді мен кіндікті байланыстыратын сызыққа, сол жақ төс маңы сызығы бойынша – сол жақ қабырға доғасының төменгі қырына сәйкес келеді. Осы аталған сызықтар бойынша бауырдың жоғарғы және төменгі шегін анықтап қоймай, бауыр тынықтығының биіктігін де анықтайды. Ол 10-12см, 9-11см, және 8-10см-ге тең болады. Бауырдың көлемін анықтау үшін М.Г. Курлов әдісі қолданылады. Бұл үшін Курлов бойынша 1-ші нүкте бауырдың жоғарғы шегін және Курлов бойынша 2-ші нүкте төменгі шегін бұғана ортасы сызығы бойынша анықтайды. Содан соң алдыңғы ақ сызық бойынша жоғарғы шегін (Курлов бойынша 3-ші нүкте) анықтайды. Бұл шегінің орналасуын салыстырмалы түрде белгілейді, яғни бұғана орта сызығы бойынша анықталған деңгейде жоғарғы және төменгі шегін (төртінші нүкте Курлов бойынша) анықтайды. Содан соң сол жақ қабырға доғасынан бауырдың төменгі (Курлов бойынша бесінші нүкте) шегін анықтайды. Ол үшін плессиметр саусақ сол жақ қабырға доғасына перпендикуляр, яғни VIII-IX қабырға деңгейіне орналастырып, ортаңғы ақ сызық бойынша анықталған бауырдың жоғарғы шегіне қарай жүргізіледі. Бірінші және екінші нүктенің аралығы Курлов бойынша қалыптыда 9±1-2см. Үшінші және төртінші нүктенің аралығы , яғни бауырдың вертикалды өлшемі 8±1-2см. Үшінші және бесінші нүктенің аралығы бауырдың қиғаш өлшемі Курлов бойынша қалыптыда 7±1-2см.

Курлов әдісі бойынша бауыр перкуссиясы





Курлов әдісі бойынша бауыр перкуссиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет