Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет271/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

БАУЫРДЫҢ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ
Бауырды тыңдау оның нағыз тынық дыбыс шекарасында жүргізіледі. (L.L.axillaris anterior, medioclavicularis dextra, parasternalis dextra, mediana anterior et parasternalis sinistra). Перитонит, посттравматикалық перигепатитте бұл аймақта құрсақтың үйкеліс шуын тыңдауға болады.


Бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастардың
қосымша тексеру әдістері


Бауырдың функциональды лабораториялық зерттеулері.
Бауыр зақымданғанда барлық функциялары бұзылады. Бауырдың біраз резервті мүмкіншіліктері бар: бауыр паренхимасының 20% зақымдалса, ағзаның тіршілігі қалыпты болуына жеткілікті. Бауырдың регенерация қасиеті өте жақсы .



  • Пигмент алмасуын зерттеуіне- билирубиннің және оның алмасуынан пайда болатын заттардың қанда, зәрде, нәжістегі мөлшерін анықтау жатады. Пигмент алмасу бұзылуын анықтау арқылы гепатоциттердің функциональды жағдайы туралы мәлімет алуға болады және сарғаюдың ажырату диагностикасын жүргізуге көмектеседі.

  • Көмірсу алмасуын зерттеу – қандағы глюкозаны галактоза сынама арқылы анықтау.

  • Ақуыз(белок) алмасуын зерттеу – жалпы белоктың және оның фракцияларының (альбумин, глобулин) мөлшерін анықтауда қолданатын тәсілдер – қағазды электрофорез тәсілі, белок – тұнба және тимол сынамалары.

  • Май алмасуын зерттеу – қанда холестерин (қалыпты жағдайда – 3,9-5,2 ммоль/л), фосфолипидтерді, липопротеидтерді анықтау

  • Минерал алмасуын зерттеу – қандағы темір мен мысты анықтау.

  • Бауыр ферменттерін зерттеу- қандағы трансаминазаны, альдолазаны, сілтілі фосфотазаны, холинэстеразаны, сүт қышқылының дегидрогеназасын анықтау (ЛДГ).

  • Бауырдың зиянсыз ету (қорғаныстық) функциясын зерттеу.

  • Бауырдың бөлу функциясын зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет