Науқасты өт қабы мен өт жолдарының рентгенді зерттеуге дайындау Холецистография – өт шығару жолдарында контрасты заттарды жіберу арқылы оның пішінін, және функциональдық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Рентгенді зерттеуге холевид /йодогност/ және /билигност/ билиграфин контрасты заттары қолданылады.
Холецистография жасардан бұрын 2 күн көлемінде ішті кептіретін тағам өнімдерін қолданбайды. Ішекті клизма қою арқылы тазартады.
Зерттеу жүргізерден бұрын таңертеңгілік сағат 8.00-де науқасқа түймедағының ерітіндісімен тазалау клизмасы қойылады, сағат 9.00-да науқас жеңіл танертеңгілік тағам қабылдайды және 1 стакан тәтті шәй ішеді, сағат 11.00-де тағы да 1 стакан тәтті шәй, сағат 14.00-де науқасқа жеңілдетілген түскі тамақ және 1 стакан тәтті шәй беріледі. Сағат 16.00-те науқасқа майлы тамақ: 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 20 г сары май және 50 г ақ нан беріледі. 20-30 минут өткен соң өт қабы өттен босайды. Сағат 19.00-20.00 аралығында науқас бөліп-бөліп билитраст қабылдайды: 4 г билитраст 1 ас қасық құм шекермен араластырылады. Алынған қоспаны 6 бөлікке бөледі. Қоспаның 1/6 бөлігін науқас жайлап 5-10минут көлемінде шайнайды.
Билитрасты қабылдағаннан кейін тамақ ішуге болмайды.
Зерттеу жүргізілетін күні таңертең сағат 7.00-де науқасқа түймедақ тұнбасынан тазалау клизмасы қойылады.
Сағат 19.00-де рентген кабинетінде өзімен бірге «майлы тамақты» бірге ала барады.
Рет-ретімен бірнеше рет суретке түсірілгеннен кейін, өт қабының көлеңкесі алынған соң, науқасқа қайтадан «майлы тамақ» береді немесе тері астына 2 мл питуитрин салады. 15,30,45, және 60 минуттан кейін қайтадан бірнеше суреттер жасайды.
Холецистография дайындық әдістемесін толық және нақты мейірбике науқасты үйретіп, дұрыс орындалуын қадағалау қажет.
Егер өт қабы алынған болса, холефидті ішке қабылдау ешқандай күтімді нәтиже бермесе немесе оны қабылдаудың қарсы көрсетпесі болған жағдайда контрасты зат /билигност/ тамыр ішіне жіберіледі. Зерттеуге науқасты 2 күн көлемінде дайындайды. Ішекті кептіретін тамақ берілмейді. Тазалау клизмасы қойылады. Зерттеу жүргізер алдында контрасты затқа науқастың сезімталдығын анықтайды, тамыр ішіне 1-2мл 2 пайызды билигност ерітіндісін жібереді. Терінің қышуы, бөртпелер, қалтырау және т.б. йодты жақтырмау белгілері пайда болса, онда оны тамыр ішіне жіберуден бас тартады. Аллергиялық реакцияның жоқ болуында келесі күні дене температурасына дейін жылытылған 30 пайызды билигност ерітіндісін 30-40мл мөлшерінде тамырға жайлап 3-5 минут көлемінде жібереді.
40-45 минуттан кейін бірнеше рет рентгенді суретке түсіреді.
Холеграфияғадайындық жүргізу кезеңдерінде мейірбике науқас диетасын бақылайды, ішегін тазалайды және сынама жүргізгеннен кейінгі жағдайын қадағалайды. Препараттың жағымсыз белгілері пайда болса мейірбике сол арада дәрігерге баяндайды.