Эндоскопиялық (ретроградты) холангиопанкреатографиясы – дуоденофиброскопияда ұлтабардың үлкен емізігі арқылы катетерді жалпы өт жолына және ұйқы безінің өзектеріне енгізіп, құрамында йоды бар контрасты дәріні жібереді, сосын рентгенге түсіреді. Бұл тәсіл арқылы жалпы өт жолынан тарылуын, басқа нәрсемен қысылуын және тас бар-жоқтығын анықтауға болады.
Компьютерлік томография
Радиоизотопты гепатография және бауырды сканерлеу – көк тамырға бенгал алқызыл түсті бояуды немесе радиактивті коллоидтық алтынды жіберіп, датчик арқылы гепатограммаларға немесе гепатосканограммаларға түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |