СТАНДАРТ
Бауыр пальпациясының техникасы
1. науқас төсегінің оң жағында науқастың бетіне қарсы қарап отырыңыз.
2. сол қолдың төрт саусағын оң жақ бел аймағының астына жіберіп, бас бармақпен қабырға иінін бүйірден және алдынан төмен қарай қысыңыз.
3. оң қол саусақтарына жақындауына жағдай туғызып, демді ішке алғанда кеуденің керілуін шектетіп, диафрагманың төменірек түсуін қамтамасыз етіңіз.
4. оң қолды қабырға иінінен төмен, оң жақ бұғана ортасы сызық бойына іштің үстіне орналастырыңыз (оң қол саусақтары аздап бүгілген болу керек).
5. демді сыртқа шығарған кезде оң қол саусақтарын іш қуысының ішіне аздап сұғып, науқастың терең дем алуын сұраңыз.
Бұл кезде бауырдың төменгі шеті дәрігер саусақтарына тиіп өтеді. Дәрігердің қолы қозғалыссыз болады, бұл әдісті бірнеше рет қайталау керек. Қалыпты жағдайда бауырдың шеті қабырға иінінен 1-2см төмен түсіп тұрады, сүйір болып келеді, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, ауырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |