Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет269/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

БАУЫР ПАЛЬПАЦИЯСЫ
Бауырға пальпация жасау В. П. Образцов – Стражеско әдісі бойынша жүргізіледі. Бауырға топографиялық терең жылжымалы пальпация жүргізіледі. Пальпация жасау үшін науқас кушеткаға тігінен арқасымен, аяғын созып жату керек. Науқас қолдарын шынтақ буынында бүгіп, кеуде клеткасының алдына қояды. Осы қалыпта қабырға доғасының, бауырдың қозғалысын болдырмайды.
Алдымен сол қолдың II-IV саусақтарын науқастың оң жақ қабырға доғасының астында, бас бармақ қабырға доғасының үстінде тұратындай етіп орналастыру керек. Осы қалыпта оның қозғалысын шектейді. Оң қолдың 2-ші,5-ші саусақтарын бұғана орта сызығы мен төс маңы сызығы деңгейінде, перкуссия арқылы анықталған бауырдың төменгі шегінен 2-см төмен орналастырады. Қабырға доғасынан төмен саусақтардың алақан жақ бетімен төменге қарай тері қатпарын жасап, науқас демді құрсақпен шығарған кезде қабырға доғасының астына саусақтарды терең енгізеді. Содан соң науқастан демін алуын сұрап, саусақтармен терең жылжымалы пальпация жасағанда, бауырдың төменгі шегін жанай өту керек.
Дені сау адамдарда пальпацияда бауыр 88% – ында анықталады. Ал гепатитте, холангитте, амилоидозда бауырдың рак ауруында, лейкозда, гимолитикалық анемияда бауырдың төменгі шегі қалыптыдан төмен орналасады.
Бауырдың орналасқан орнын, өлшемдерін анықтағаннан кейін, оның пішінін, консистенциясын, ауырсынуды анықтайды. Қалыпты жағдайда бауырдың консистенциясы, тілдің консистенциясы секілді жұмсақ, тегіс және ауырсынусыз. Гепатит ауруы кезінде бауыр тығыз, қалыңдау, ал бауыр циррозында-тығыз, ауырсынусыз болады.
Қалыпты жағдайда бауыр тегіс болады, ал бауырдың рак ауруында, бауыр циррозында кедір-бұдыр болады.
Құрсақ қуысына сұйықтық жиналғанда және метеоризм бауырға пальпация жасағанда науқас вертикальды қалыпта болуы керек. Пальпация жасау техникасы науқастың жатқан қалпындай болады.
Егер бауырдың өлшемі кішірейіп немесе бүрісіп қалатын болса пальпация арқылы бауырды анықтай алмайды, бірақ перкуссия арқылы анықтауға болады.
Қалыпты жағдайда пальпацияда бауыр ауырсынбайды. Егер бауырда қан жинақталып, ұйып қалатын болса, өт тасы ауруында, нерв талшықтары зақымданған жағдайда пальпацияда ауырсыну болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет