Гипопаратиреоидты синдром – қан сары суындағы кальций мөлшерінің төмендеуімен жүретін паратгормонның жеткіліксіздігі. Бұл жағдайлар қалқанша маңы безін алып тастаған жағдайда, радиоактивті йодпен ем жүргізгеннен кейін, қалқанша маңы безінің ісігінде, Д витаминның жеткіліксіздігінде( рахитте) кездеседі. Негізгі симптомдары: бұлшық еттердің тырысуы – тетания( қолдарында- акушер қолы сияқты; аяқтарында – ат аяғы; беттегі ауырсынумен жүретін тырысулар); сүйектердің патологиялық сынуы; вегетативті өзгерістер және т.б.