ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ.
Басты синдромдары
Гипотиреодты синдром - ағзадағы қалқанша без гормондарының жеткіліксіздігінен дамиды. Этиологиясы: тағамда йод жеткіліксіздігі; қалқанша безі дамуының ақауларында; эндемиялық жемсау; қалқанша безінің қатерлі ісігін; аутоиммунды тиреоидит. Негізгі симптомдары: салмағының жоғарлауы, енжарлық, ұйқышылдық, шаршағыштық, апатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, іш қату, сөзінің баяулауы, брадикардия.
Гипертиреоидты синдром - қалқанша безі гормонының бөлінуінің жоғарлауымен жүреді. Жайылмалы уытты жемсауда, тиреоидитте(қалқанша безінің қабынуы) кездеседі. Негізгі симптомдары: дене салмағының төмендеуі, бұлшық ет әлсіздігі, жоғары жүйкелік қозғыштығы, тітіркенгіш, жылағыштық, тахикардия, ыстық сезу, тершеңдік, іш өту.
Гиперпаратиреоидты синдром – қандағы кальцийдің жоғарлауымен жүретін қалқанша маңы безінің ісік әсері немесе гиперплазиясы әсерінен паратгормонның жоғары мөлшерде бөлінуімен жүреді. Негізгі симптомдары: сүйектегі ауырсынулар, аяқ – қолдардағы әлсіздік, бүйрек тас ауруларының дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |