Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ



бет333/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ.
Басты синдромдары

  1. Гипотиреодты синдром - ағзадағы қалқанша без гормондарының жеткіліксіздігінен дамиды. Этиологиясы: тағамда йод жеткіліксіздігі; қалқанша безі дамуының ақауларында; эндемиялық жемсау; қалқанша безінің қатерлі ісігін; аутоиммунды тиреоидит. Негізгі симптомдары: салмағының жоғарлауы, енжарлық, ұйқышылдық, шаршағыштық, апатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, іш қату, сөзінің баяулауы, брадикардия.

  2. Гипертиреоидты синдром - қалқанша безі гормонының бөлінуінің жоғарлауымен жүреді. Жайылмалы уытты жемсауда, тиреоидитте(қалқанша безінің қабынуы) кездеседі. Негізгі симптомдары: дене салмағының төмендеуі, бұлшық ет әлсіздігі, жоғары жүйкелік қозғыштығы, тітіркенгіш, жылағыштық, тахикардия, ыстық сезу, тершеңдік, іш өту.

  3. Гиперпаратиреоидты синдром – қандағы кальцийдің жоғарлауымен жүретін қалқанша маңы безінің ісік әсері немесе гиперплазиясы әсерінен паратгормонның жоғары мөлшерде бөлінуімен жүреді. Негізгі симптомдары: сүйектегі ауырсынулар, аяқ – қолдардағы әлсіздік, бүйрек тас ауруларының дамуы.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет