Гипергликемиялық синдром – ұйқы безіндегі инсулин бөлінуінің жеткіліксіздігімен жүреді. Бұл жағдайлар қант диабетінде, Иценко – Кушинг ауруында, созылмалы панкреатитте, жайылмалы уытты жемсауда кездеседі. Негізгі симптомдары: бұлшық еттегі ауырсынулар, шөлдеу, полиурия, жоғары тәбет, шеткері жүйенің зақымдалуы(аяқтағы ауырсынулар, ұюлар, икра тәрізді бұлшық еттердің тырысуылары).
Гиперсоматотропты синдром – бас ми жарақаты, аденогипофиз ісігі әсерінен соматотропты гормонның (өсу гормоны) көп бөлінуінен болады. Балалар мен жасөспірімдерде қаңқа сүйегінің, жұмсақ тіндердің, ішкі ағзалардың шамадан тыс өсуімен жүреді- гигантизм. Ересектерде – акромегалия (бет, саусақ, аяқ сүйектерінің диспропоциональді өсуі).
Достарыңызбен бөлісу: |