Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Қалыпты жағдайда қанның жалпы анализі



бет332/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Қалыпты жағдайда қанның жалпы анализі:
Қанның жалпы анализі:
Гемоглобин еркектерде – 140-160г/л
әйелдерде ‒120-140г/л
Эритроцит саны еркектерде– 4-5,0х1012
әйелдерде – 3,7-4,7х1012
Лейкоциттер – 4-9,0х109
Тромбоциттер – 180-320,0х 109
Ретикулоциттер – 0,2-1,2 %
Эритроцит тұну жылдамдығы еркектерде– 1-10мм/сағ
әйелдерде-2-15 мм/сағ
Лейкоцит формуласы:
Миелоциттер – 0
Метамиелоциттер – 0
Нейтрофилдер:
таяқшаядролы – 1-6%
сегментядролы – 47-72%
Эозинофильдер – 0,5-5%
Базофилдер – 0-1%
Лимфоциттер – 18-40%
Моноциттер – 3-9%


Қан ұю уақыты – 5-10мин
Қансырау уақыты -4 мин

СТАНДАРТ

Формалық элементтердің санын есептеуге қан алу




СТАНДАРТ
Стерналдық пункцияның жасау техникасы
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетпе : лейкоздар.
Қарсы көрсетпе: артериалдық гипертензия
Жабдықтау: Кассирский инесі, шприц, екі пинцет жергілікті анестезия
өткізуге шприц пен ине, лоток, құрамында йоды бар антисептиктер
(йодонат, йодопирон), 96 % спирт, зарарсыздандырылған таңатын
материалдар (шариктер,салфеткалар, жаялықтар),1-2 % новокаин,
хлорэтил, зарарсыздандырылған резеңке қолғаптар, мазоктарға арналған
шынылар, пластырь.
Осы іс- әрекетке байланысты дамитын проблемалар:
1.процедурадан қорқу
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
мейірбикенің іс-әрекеті:
1.пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету керектігін
түсіндіріп және онын кауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық
жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2. пациентті жастықсыз арқасына жаткызыңыз.
3. пункция жасайтын жерді екі рет 96 % спиртпен өңдеңіз,
залалсыздандырылған таңу материалмен (салфеткамен немесе
жаялықпен) шектеңіз. Пункцияны жайшылықта төс сүйек аймағында
орта жолақта 3-4 қабырға тұсында дәрігер жасайды.
4. пункция орнына 1-2 % новокаинмен анестезия жасаңыз (Анестезия
үшін хлорэтил пайдалануға болады).
5. теріні, тері асты жасушаны және сыртқы төс пластинасын Кассирский инесімен дәрігер теседі.
6. мандренді шығарады, құрғақ залалсызданған шприцті отырғызады да, 0,5 м-ден көп емес сүйек миын сорады.
7. Инені шприцтен айырмай дәрігер алып шығады, ал пункция орнын
құрамында йоды бар антисептикпен сіз өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке шарикпен немесе салфеткамен жауып, жабыстырғышты жапсырыңыз.
8. алынған материалды сағаттық шыныға ауыстырыңыз, сүйек мидың бөліктерін алып, одан жіңішке мазоктар жасаңыз. Пунктаттың (пункцияланғанда алынған зат) тез ұйып қалуын ескере отырып, мазокты тез дайындау керек.
9. пункциядан кейін пациенттің тәртібі өзгеріссіз, шектелмейді.
Ескерту:
1. пациентті психологиялық әзірлеу.
2. Ep адамдардын пункция жасайтын аймағы қажеттілігіне орай, дәл манипуляция алдында қырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет