СТАНДАРТ Қанды көк тамырдан зерттеуге алу. Мақсаты: көк тамырға пункция жасап зерттеуге қан алу.
Көрсетпе : дәрігердің нұсқауы
Қарсы көрсетпе: пациенттің қозуы және құрысулар (судороги)
Жабдықтау: залалсыздандырылған лоток, зарарсыздандырылған 4-5
мақта тампондары, салфетка, сүлгі бұрау, 700этил спирті, клеенкалық
жастықша, зарарсыздандырылған 10-20,0 мл шприц, тамыр ішіне инъекция жасауға арналған ине, зарарсызландырылған резеңке қолғап, тығына бар пробирка, пробиркаларға арналған штатив, маска, жолдама, дезинфекциялык ерітінділер, дезинфекцияға арналған ыдыстар, «Анти - СПИД» жиынтығы.
Осы іс- әрекетке байланысты дамитын проблемалар:
1. пациентте тынышсыздық және қорқу үрейі пайда болуы
2. манипуляцияға пациенттің қарсы болуы.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. қолыңызды жуыңыз.
3. пациент қолын алақанын жоғары қаратып, жазып, ыңғайлы отырғызыңыз немесе жаткызыңыз.
4. пациенттің шынтақ астына клеенкалык жастыкша қойыңыз.
5. пациенттің шынтақ иінінен 5см жоғары салфетка немесе сүлгі үстінен бұрау байлаңыз, білек артериясының пульсі өзгермеу керек.
6. зарарсыздандырылған қолғап, маска киіңіз.
7. пациентті жұдырығын ашып-жұмуын сұраңыз, ал өзінің қолы қанмен кірмелеу үшін алаканнан шынтақ иініне қарай массаж жасаңыз.
8. шынтақ иінін зерттеп, пункцияға ыңғайлы көк тамырды табыңыз.
9. спиртке малынған 2 мақта шариктерімен шынтақ иінін аймағын
жоғарыдан төмен қарай өңдеңіз.
10. шынтақ иінін 3-ші мақта шаригімен құрғатыңыз.
11. сол қолымен шынтақ пішінін терісін тартып ұстаңыз (тамыр қозғалмау үшін).
12. иненің канюлясын тесігімен жоғары қаратып, теріге қатар ұстап инені 1/3 ұзындығына дейін енгізіп, көк тамырды тесіңіз.
15. поршеньді өзіңізге қарай тартып, ине көк тамырға түскенін тексеріңіз, түскен кезде шприцтің ішіне қан барады.
14. пациентті жұдырығын aшпауын сұраңыз.
15. шприцке кажетті мөлшер қан алыңыз.
16. пациентке жұдырығын ашуын сұраңыз және резеңке бұрауды босатыңыз.
17. егу жасаған жеріне зарарсыздандырылған спиртке малынған шарикті басып, инені шығарып алыңыз.
18. пациентті шынтағын бүгiп 5 минут отыруын сұраңыз.
19. шприцтен қанды зарарсыздандырылған пробиркаға қабырғаларына тигізбей ішіне құйыңыз.
20. жолдама жазыңыз, қанды зертханаға жіберіңіз.
22. қолғапты шешіңіз.
23. шприцті, инені, қолғапты ,үстелді, бұрауды, клеенкалық жастықшаны САНПиН ережесіне сәйкес өңдеңіз.
Ескерту: биохимиялық анализге қанды құрғақ таза центрифугалық
пробиркаға 3-5 л мөлшерде алынады. Серологиялық зерттеуге қанды
құрғақ зарарсыздандырылған пробиркага 1-2 мл мөлшерде алынады.
Бактериологиялық зерттеуге қанды арнайы қоректi ортасы бар флаконға алынады .Қан шашыраған жағдайда «Анти-СПИД» жиынтығын
қолданыңыз.