Іш секреция бездері( эндокринді бездер) қанға гормон бөледі. Ішкі секреция бездеріне – гипофиз, қалқанша бездері, қалқанша маңы безі, ұйқы безіндегі Лангерханс аралшықтары, бүйрек үсті безі, аналық бездер, эпифиз, айрықша без(тимус). Эндокринді жүйенің функциясы жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Олардың өз ара байланысы гипоталамус арқылы бөлінетін рилизинг – гормондармен жүзеге асады. Рилизинг – гормондар гипофиздің жоғарыда айтылып өтілген ішкі секреция бездеріне әсер ететін тропты гормондарына ынталадырушы және тежеуші әсер береді. Ішкі секреция бездерінен басқада ағзаларда гормон тәрізді белсенді заттар бөлінеді. Мысалы: бүйректің юкстрагломерулярлы аппаратында ренин гормоны бөлінеді. Бүйректің интерстицинальді клеткаларында эритропоэтин түзіледі. Ол физиологиялық эритропоэз үшін керек. Орталық жүйке жүйесінің клеткаларында нейроэндокринді пептидтер – эндорфин түзіледі. Оң жақ жүрекшенің кардиомиоциттерінде натрийуретикалық пептидтер түзіліп, натрий және судың экскрециясына әсер етеді. Айрықша без ( тимус) – Т – лимфоциттер дің жіктелуіне және иммунды жүйенің қызмет атқаруы үшін гормональді – белсенді зат бөледі. Ішкі секреция бездерімен бөлінетін гормондар қандағы белоктармен байланыса отырып, нысана мүшелерге әсер етеді.
Гормондардың секрециясының регуляциясына ең маңызды принциптердің бірі болып – қайтымды механизм болып табылады. Егер гормонның бөлінісі сәйкес ағзаның функциясының өзгерісіне алып келсе, ағзаның ішкі ортасы өзгереді, осы кезде гормонның тежеуші әсері іске қосылады. Осы реттеуде гипоталамус-гипофиз жүйесі асырады.
СҰРАСТЫРУ Науқаспен сөйлесу маңызды мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Мынадай ерекшеліктерге көңіл бөлу керек: тез сөйлеу, іс – қимылындағы кейбір асығыстар, эмоцинальді көңіл – күйдің жоғарлығы, қалқанша бездердің гиперфункциясы, немесе керсінше, апатия, кейбір іс әрекеттердің гипофункциясы. Жиі науқастар эндокринді жүйеснің бұзылысында мынадай шағымдар айтады: ұйқысының бұзылысы, тез шаршау, жеңіл тітіркенгіш, арықтау немесе толу. Сонымен қатар осы шағымдар сәйкес эндокринді жүйенің бұзылысына тән болады. Терінің қышуы ( қант диабетінде, гипер-тиреозда), шаштарының түсуі, құрғақтық (тиреоидит, гипотиреоз), буындардағы ауырсыну (акромегалия) және сүйектегі ауырсыну (гиперпаратиреоз), сүйектің сынуы ( гиперпаратиреоз, Иценко – Кушинг синдромы), бұлшық ет әлсіздігі (Иценко – Кушинг синдромы,гиперальдостеринизм), жүрек аймағындағы ауырсыну, жүрек ырғағының бұзылысы мерцательді тахикардия (гипертиреоз, феохромоцитома). Жиі науқастар тәбетінің нашарлығына шағымда-нады. Диспепсиялық бұзылыстар (гипотиреоз, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі); жыныс ағзаларының бұзылысы – аменория (гипер-тиреоз, гипогонадизм, Иценко – Кушинг синдромдар), меноррагия (гипотиреоз), импотенция( қант диабеті, гипогонадизм), салмақ тастау.
Анамнез Науқастан сұрау барысында эндокринді жүйе ауруына алып келген басынан өткерген ауруларға мән беру керек. Мысалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі басынан өткерген туберкулездің әсерінен болуы мүмкін. Кейде гипотиреоз басынан өткерген жайылмалы уытты жемсауға ота жасау әсерінен болуы мүмкін. Қалқанша безінің жедел қабынуы пневмонияның, жедел тонзиллитің , синуситтің әсерінен болуы мүмкін.
Эндокринді жүйе ауруларында отбасылық анамнезді жинау үлкен мәнге ие. Мысалы қант диабеті ауруы, семіздік.