Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,02 Kb.
#91254
  1   2   3
Байланысты:
№2Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру


Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар.
Жедел бронхит бронхтар кілегей қабығының диффузды жедел, сирегірек-қабырғасының барлық барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы.
Этиологиясы. Жедел бронхит көбіне жедел респираториялық вирустық аурулардың, әсіресе респирациялы –синцитиалдық вирустық инфекцияның асқынуынан дамыды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарына жатады. Жедел бронхиттің 90%- да анықталатын қоздырғышы –вирус немесе микоплазма.
Патогенезі. Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпитейлік жасушалар түлеп жойылады. Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады. Әдетте, вирустық бронхиттің басталуына 2-3 тәуліктен соң бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк, Пфейффер таяқшалары). Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтымал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет