Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,02 Kb.
#91254
1   2   3
Байланысты:
№2Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

І. Субьективті тексеру әдістері
1.1. Шағымдар
1.2. Ауру тарихи (Аnamnesis morbi)
1.3. Өмір тарихын (Anamnesis vitae)
ІІ. Обьективті тексеру әдістері

    1. Жалпы қарау

    2. Пальпация

    3. Перкуссия

    4. Аускультация

ІІІ. Зертханалық тексеру әдісі
Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау.
Науқастың дене салмағын өлшеу
Науқастың бойын өлшеу
Гигиеналық себезгіні ( душты)жүргізү
Гигиеналық бұлауды (ваннаны)жүргізу
Бит анықталған кездегі сантарлық тазарту
Науқасты тасымалдау.
Бронх демікпесі.
Анықтамасы
Бронх демікпесі (БД) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар бронх демікпесіне тəн жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі, ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе таңертеңгі уақыттарда пайда болады жəне жартылай немесе толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық обструкциямен бірге жүреді.
Жіктемесі
Демікпе жіктемесі клиникалық көріністер мен өкпе функцияларының көрсеткіштерін бірлесіп бағалауға негізделеді:
1. Этиологиясы бойынша:
- атопиялық (экзогендік);
- атопиялық емес (эндогендік);
- аралас.
2. Аурудың ауырлығы бойынша бөледі:
I баспалдақ (жеңіл интермиттирлеуші):
- күндіз симптомдардың саны аптасына 2 рет;
- асқынулар арасындағы тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының (ТШШЖ) болмауы жəне қалыпты көрсеткіші, түнде симптомдардың саны айына 2 рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ - 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20% аз.
II баспалдақ (жеңіл персистирлеуші):
- күндіз симптомдардың саны > аптасына 1 рет, бірақ <күніне 1 рет;
- ұстамалар белсенділікті бұзады; түнгі симптомдар > айына 2 рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ. 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20%-30%.
III баспалдақ (персистирлеуші, орташа ауырлықтағы):
- симптомдар күнделікті, ұстамалар белсенділікті бұзады;
- түнгі симптомдар > аптасына 1 рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ – 60- 80% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.
IV баспалдақ (ауыр персистирлеуші):
- симптомдар үнемі, физикалық белсенділік шектелген;
- түнгі симптомдар жиі; ОФВ1 немесе ПСВ < 60% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.
3. Ағым фазалары бойынша:
- асқыну;
- тұрақсыз ремиссия;
- ремиссия;
- тұрақты ремиссия (2 жылдан астам).
Қауіп-қатерлі факторлар: кене аллергендері, үйдегі тозаңдар (өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді), темекі тарту (науқас өзі темекі тартады немесе басқалар тартқанда, түтінмен дем алады), түбітпен қапталған жануарлар аллергендері, тарақан аллергендері, бөлмеден тыстағы тозаңдар мен зеңдік саңырауқұлақтар, бөлме ішіндегі зеңдік саңырауқұлақтар, физикалық белсенділік, дəрілер.
Шағымдар мен анамнез:
- жөтел, əсіресе түнде;
- қайталанбалы сырылдар;
- қайталанбалы қиындаған тыныс алу;
- қайталамалы кеуде клеткасының басылу сезімі;
- симптомдар түнде пайда болады немесе нашарлайды;
- симптомдар триггерлермен жанасу кезінде ауырлайды;
Аяқ астынан немесе бронходилататорлар мен қабынуға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін симптомдардың жоғалуы, бронх демікпесінің маңызды маркерлері болып табылады. Науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурулардың болуы.
Сұрақтар.

  1. Жедел бронхиттің этиологиясы және классификациясы?

  2. Жедел бронхиттің классификациясында этиология бойынша түрлері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет