Тексеру әдістемелері және хирургиялық аурулар ағымының ерекшеліктері
Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері.
Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін клиникалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар науқасты сұрастырудан басталып, дене температурасын өлшеп және одан да күрделі зерттеулер, яғни микроскоппен қанның формалық элементтерін анықтап, ағзаның сұйықтықтарын химиялық зерттеулер, рентген сәулелерімен сәулелендіру және т. б.. жүргізіледі.
Сау адамдарда жағымсыз симптомдар болмайды. Ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының көтерілуі, көк бауырдың ұлғаюы белгілі бір сырқаттың көрінісі немесе симптомы болып табылады. Бір симптом мысалы, дене температурасының көтерілуі ағзаның барлығында өзгеріс болып жатқанын, ал іш өту белгілі бір мүшенің қызметінің бұзылғанын, сонымен қатар үлкейген тығыз бауыр мүшенің құрылысының өзгерісін білдіреді. Ауырсынуды және жүрек айнуды сезіну субъективті симптомдарға жатады, олар науқастың ағзасының объективті өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдарды объективті симптомдар деп айтады. Сондықтан науқасты клиникалық тексеру әдістері
субъективті,
объективті,
зертханалық,
аспаптық болып бөлінеді.
Бір ғана симптомның көмегімен, ауруды танып білу өте қиын. Диагностикалық қателіктердің көп бөлігі науқасты толық, жүйелі зерттемегенен болады, сондықтан науқасты толық және жүйелі түрде зерттеу диагностиканың бірінші ережесі болып табылады. Науқасты тексеру толық жүру үшін жоспар қояды, яғни науқасты жоспарлы түрде тексереді.
Жоспар ең алдымен науқастың шағымдарын сұрастырудан басталып, кейін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізеді.
Диагноз қою әдістері негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негізгі клиникалық әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады. Мейірбике оны әр науқасқа қатысты жүргізу тиіс. Негізгі әдістерден кейін дәрігер ары қарай қандай қосымша тексерулер жүргізу керек екенін шешеді.
Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді арнайы дайындалған мамандар жүргізеді. Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген, цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру әдістері сияқты маңыздылығы зор, кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады. Науқасты сұрастыру және объективті тексеру күнделікке жазылып отырады және тағайыдалған ем ауру тарихына енгізіледі.
Жедел аппендицит - дегеніміз соқыр ішектің айқын морфологиялық өзгерістерімен, деструкциямен, кейде іріңді перитониттің дамуын тудыратын жедел хирургиялық полиэтиологиялық ауру. Аппендицит жиі 10—25 жас аралығында кездеседі. Жедел іш қуысының хирургиялық ауруларының ішінде 89,1 % алады, яғни бірінші орын алады. Жедел аппендицит- перитониттің пайда болуының ең жиі даму себебі.
Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері.
Жедел аппендицит- балалар жасындағы жедел хирургиялық көмекті талап ететін көп таралған ауру. Ересектердігіден айырмашылығы балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ағымы ауыр, ал диагностикасы күрделі. Бұл заңдылықтар баланың дамуындағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бір жастағы балаларда жиірек байқалады.
I. Біріншіден осы жастағыларда жүйке жүйесінің функционалды жетілмеуінен барлық жедел қабыну ауруларының клиникалық көрініс ұқсас ( жоғары дене қызуы, көп реттік құсу, ішек функциясының бұзылыстары).
II. Екіншіден балалардағы соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісіндегі қабыну процесі аяқ астынан қарқынды өтеді. Осы уақытта шектеулі механизімі әлсіз байқалады.
III. Үшіншіден ерте жастағы балаларда тексерудің арнайы қиындығы бар. Баланың мазасыздануы, жылауы, қарау кезіндегі қарсыласу жедел аппендициттің негізгі жергілікті симптомдарын анықтауды қиындатады.
Жас балаларда жедел аппендициттің нақты белгілері болмайды, былай алып қарасаңыз, ол ішек жұқпалы аурулары, аденовирусты аурулар, копростаз, пневмония, отит себептері. Бұлардың барлығы жиналып «абдоминальды синдром » деп қаралуы мүмкін. Жедел аппендициттің жас балалардағы өзіндік ерекшеліктері, тек қана оның реактивтілігіне ғана емес, сонымен қатар анатомиялық-топографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, баланың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданып, жылап, ұйқысы бұзылып, тәбеті болмай, тамақ ішпейді.
Кішкентай бала кіндігінің маңайы ауырып тұрғанын айта алады, бірақ қай жері аурып тұрғанын дәл көрсете алмайтындығы ми қыртысындағы процестердің толық жетілмеуі, жүйке импульстерінің басқа жерге жіберілуіне, шажырқайдың түбінің күн тәрізді шумақша жақын орналасуы, спецификалық емес шажырқай лимфоденитінің тек қанда болуына байланысты. Кей кездері балалар ішінің ауырғанын айта алмайды.
Париетальды іш пердесінің және аппендикстің шажырқайының қабынуға ұшырағанына байланысты пайда болған іштің ауыруының толастамауы баланың ұйқысының бұзылуына әкеліп соғады. Осы ерекшелік 60% жағдайда байқалады. Ал 10% жағдайда іштің ауруының ұстамалы болатындығын көрсетеді. Тынышталып отырған балада аяқ астынан іші қайтадан ауыра бастайды, мазасызданып жылайды, тамақ ішпей қойады, ыстығы көтеріледі, құсады, үлкен дәреті өзгереді. Дене ыстығының көтерілуі (94%) 3жасқа дейінгі балаларда негізінде 38-30*С, одан да жоғары жедел аппендициттің асқынған түрлерінде болады. Денесінің ыстығының көтерілуі жедел аппендициттің түрлеріне байланысты емес, ол баланың жүйке жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне, ішетін тамағына, реактивтілігіне (жұқпалы ауруларға) антибиотиктерді қолдануына байланысты. Тағы да бір белгінің бірі- ол баланың құсуы (80%) Бұл кіші жастағы балаларда қабыну процесі өрістеген сайын уланудың белгісі екенін көрсетеді. Құсықтың құрамы негізінен асқазандағы астың қалдығы, ауыр асқынған кезде құсық құрамында өт те кездеседі. Әдетте көп құсу жедел аппендициттің асқынған түрінде болады. Кей жағдайларда науқас құспауыда мүмкін (15-20%), аурулардың басым көпшілігінде үлкен дәреттері бұзылмаған, қалыпты күйде (75%), ал 12-15% іштің өтуі байқалады.
Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің клиникалық көрінісі.
Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің жекелеп көрсетілуі өте манызды, себебі бұл аурудың клиникалық көріністері әр түрлі болып келеді. Сондықтан көптеген бала хирургтары клиникалық көріністері қиындық туғызатын аппендициттің ерекше түрлерін көрсетеді. РЕТРОЦЕКАЛЬДІ: құрт тірізді өсіндінің бұл орналасуы диагностикалық қиыншылықтарды туғызады. Ретроцекальді құрсақішілік аппендицит кезінде симптомдар әдетте айқын көрініс береді. Бірақ құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюы аз болады. Осы орналасуға тән симптомдар әдетте болмайды. Ретроцекальді құрсақ арты аппендицитте ауырсыну оң жақ мықын аймағының латеральді бөлігі немесе оң жақ бел аймағында болады. Ауырсынулар жыныс мүшесіне немесе несепағар жолымен таралуы мүмкін. Ол өз кезегінде дизуриялық бұзылыстарға ікеледі. Іші жұмсақ, тыныс алуға қатысады, ауырсыну аз болады, Щеткин-Блюмберг симтомы теріс. Ал оң жақ бел аймағында бұлшық еттердің қатаюы, ауырсынуы және соққылау симптомы оң болады. Көптеген жағдайда ретроцекальді аппендицит бастапқы кезеңмен ауыр іріңді интоксикациямен, дене қызуының жоғарлауы (40%), тоңумен жүреді.
Кіші жамбастағы аппендицит
Бұл түрінде ауырсыну іштің төменгі бөлімінде оң жақ мықын аймағының төменгі жағында, қасаға үстінде болады. Ауырсыну зәр шығару түтігіне немесе ұмаға, оң жақ жыныс еріндеріне, тік ішекке беріледі. Дизуриялық бұзылыстар жиі зәр шығарумен сипатталады. Балалар кейде зәр шығаруға қорқады, ал керілген қуық іштегі ауырсынуды күшейте түседі. Төмен орналасқан өсіндінің қабынуы жиі қан және шырыш араласқан сұйық нәжіспен жүреді. Өсіндінің кіші жамбаста орналасуында көп уақытқа дейін ауырсыну және құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қатаюы болмауыда мүмкін. Бұл кезде жақсы мәліметті тік ішекті саусақпен тексеру береді. Онда оң жақтан өсіндінің түсіп тұруын немесе инфильтратын табады.
Сол жақты аппендицит.
Құрт тәрізді өсіндінің сол жақта орналасуы келесі жағдайлармен байланысты; соқыр ішектің шажырқайының қозғалмалығына, ортақ шажырқай, құрт тәрізді өсіндінің ұзын болуы және мүшелердің керсінше орналасуы. Клиникалық көрінісі оң жақты болуы дәрігірге «жедел аппендицит» диагнозына күмән тудырады. Кей жағдайларда перитонеалды белгілер қосылған жағдайда да, диагноз күмәнді болады. Егер ішкі органдардың теріс орналасуы туралы белгі болса диагноз бірден қойылады.
Бауыр асты аппендицитті
Бауыр астында орналасқан өсіндінің қабынуы оң жақ қабырға асты доғасында ауырсынумен және жиі көп ретті құсумен басталады. Оң жақ қабырға асты доғасының абайлап «ұрғылағанда» айқын ауырсыну көрінеді аталған жерде бұлшық еттер қатаюы Щеткин-Блюмберг симтомы оң. Айқын ауырсынуға байланысты бауыр шеті анықталмайды. Оң жақ мықын аймағы бос жіне ауырсынусыз болады. Ректальды қарауда ауытқудың қалыптыдан айырмашылығы болмайды.
Жүкті әйелдердегі аппендицит ерекшелігі
Жүкті әйелдерде кең тараған хирургиялық аурулардың бірі- жедел аппендицит. Жедел аппендицит анамен ұрықтың өміріне қауіп төндіреді, ол 0,03-5,20% жағдайда кездеседі. Құрт тәрізді өсіндінің тесілуі 14% жағдайда кездеседі және оперативті көмекке жүгінеді. Жүктілік кезінде аппендицит 25-45% жағдайда науқастарда диагнозды нақты дәлелдейді. Жүктіліктің алғашқы жартысында ¾ жедел аппендицитке бақылайды. Көбінесе жиірек І триместрде (19-30%), II триместрде (44-80%), IIIтриместрде (15-20%), босанғаннан кейін(6-8%). Аппендициттің деструктивті түрі ІІІ триместрде жіне босанғаннан кейін туындайды. Жедел аппендицит кең тараған көрінісі ауырсыну, ауырсыну оң жақ мықын аймағында пальпация барысында, жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарлауы және лейкоцитоз болады. Жедел аппендициттің симптомдары босанбаған әйелдердің симтомынан ерекшелігі жоқ және клиникалық көрінісі жүктіліктің мерзіміне және құрт тәрізді өсіндінің патологиялық процессіне байланысты. Жүктілік кезінде жедел аппендицитті диагностикалау басқа аурулардағы сияқты “қатайған іш” симптомымен негізделінеді, ал босанбағандардан қарағанда ауырлау. Семеновтың зерттеуі бойынша 2/3-де қарағанда әйелдер кенесіне келген әйелдерді босану үйіне жүктіліктің угрозасы деп госпитализацияланады. Жүктіліктің үлкен мерзімінде аппендициттің клиникалық көрінісінің айқын өзгеруімен айқындалады. Жүктіліктің 20-22 аптасында соқыр ішек және өсіндісі жоғары және сыртқа қарай ығысады. Бұның негізгі себебі жатыр түбінің ұлғаюына байланысты. Жүкті әйелдерде жедел негізгі лабораторлы диагностикасы болып лейкоцитоз (лейкоциттердің солға ығысуымен), нейтрофильдер. Лейкоцитоз 12-19х10/л, бұл көрініс қалыпты жіне деструктивті аппендицит кезінде болады.
Қарт адамдарда аппендицит ағымының ерешеліктері
Қарт адамдарда ағзаның реактивтілігінің төмендігіне байланысты, ауру кеш байқалады. Клиникасы әлсіз айқын және өсінді морфологиясы аурудың клиникалық ағымынан басым түседі.Сондықтан гангрена, перфорация, перитонит дамиды. Жиі перитонитте ауырсыну мен бұлшықеттердің дефансы әлсіз. Кейде лейкоцитоз болмауы да мүмкін. Аппендикулярлы инфильтраттың пайда болуына бейімділігі, соқыр ішек рагінен ажыратуға қиын түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |