ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ



бет1/5
Дата15.04.2020
өлшемі475 Kb.
#62571
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Методичка-СД-1курс-каз

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


ПӘНІ: «Физиология»

ФАКУЛЬТЕТ: ТжКББФ

МАМАНДЫҒЫ: «Мейірбике ісі»
КУРС: 1

Құрастырған: м.ғ.д.,профессор Әділбекова Д.А.

оқытушы Оразбаева Ж.Т.

Шымкент, 2013

Кафедра мәжілісінде қаралған және бекітілген

Хаттама № ____ «___» 2011 ж

Каф. меңгерушісі, профессор Әділбекова Д.А.

Кафедра мәжілісінде қаралған және бекітілген

Хаттама № ____ «___» 2012 ж

Каф. меңгерушісі, профессор Әділбекова Д.А.

1.Тақырып №1: Физиология пәніне кіріспе.

2. Оқу сағаттарының саны- 2сағат

3. Тақырыптың маңыздылығы: Физиология пәнін білу медицинада науқастарды дұрыс емдеп, дұрыс диагноз қою үшін маңызы зор.

4. Дидактикалық мақсаты:

Физиология тірі организм мен оның жүйке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.

Организмнің жас кезеңдерінде дамуы: адам организмі біртұтас жүйе түрінде онтогенездік кезеңдерде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Өйткені, онтогенездік дамудың әрбір сатысында өзіндік даму және пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді. Өсу жетіліп келе жатқан оргаизмдегі құрылымдарының мөлшерлік өзгерістері ол жасушалар санының дене салмағы мен аумағының артуы арқылы өтеді. Бұлар жасқа сай және жыныстық көрсеткіштердің негізгі белгілері ретінде білінеді. Даму организмде өтетін ағзалар, тіндер, мүшелер жүйесінің сапалық өзгерістерін көрсетеді. Дамудың тұлғалық, жыныстық және психикалық түрлері болады. Өсу мен даму қатар жүреді, бірақ бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Физиологиялық іс-әрекеттерді меңгеру: организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағзалар мен жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді қамтамасыз етеді. Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады:

А) іске қосу – ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді.

Б) түзету- ағзалардың іс-әрекетін өздігінен атқарылу режимінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

В) үйлестіру – бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді. Организмнің тіршіліктің әсерленістері бірнеше сатылы және әрекет жүйелері арқылы меңгеріледі. Н.М.Амосов реттелуші жүйенің төрт түрін жіктейді.

1. Химиялық, бейарнамалы жүйе-зат алмасуы өнімдері арқылы ағзалардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді.

2. Эндокриндік жүйе - әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары гормондары арқылы белсендіреді.

3. Вегетативтік жүйке- бір орталықтан бірнеше нысандарды: ағза, тін, тірліктік жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді меңгереді.

4. Орталық жүйке жүйесі – бір жағынан организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) реттейді екіншіден, біртұтас организмді сыртқы ортамен теңестіреді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі. Қандай болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзі реттеуге негізделген.

Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттілігін және ішкі орта тұрақтылығын қамтамасыз етуіш әрекеттік жүйелердің қызметін айтады. Организмнің ішкі ортасын тұрақты құрамды қан, лимфа, тін сұйықтықтары құрады.

Өздігінен реттеліс – тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, зоволемия, изогидрия т.б. өзін өзі реттеу арқылы сақталады.

Меңгеру түрлері: гуморалдық және жүйелік тетіктер меңгерудің бірнеше түрін қолданады. Гуморалдық меңгеру: аутокриндік, паракриндік және телекриндік түрінде өтеді. Организмнің құрылымы мен қызметі. Цитофизиология. Организм – қоршаған ортамен үнемі өзара әрекеттесіп, өз тіршілігін қамтамасыз ететін және өздігінен реттелетін біртұтас жүйе. Организмнің бірнеше ерекшеліктері бар:



  1. Өздігінен ұымдастырылу арқылы жеке тіршілігін сақтау қабілеті.

  2. Өздігінен даму қабілеті.

  3. Өздігінен өрбу қабілеті.

Жасушаның негізігі қызметтері. Жасуша деңгейінде организмнің барлық қасиеттері: көбею, түр өзгертушілік, даму, энергия жинақтау және тұтыну, тітіркену әсерленісі, сыртқы ортамен зат алмасу, оның өзгерістеріне бейімделу, өз біртұтастығын қалыптастыру, қорғаныш қабілеттері топтасқан. Қозғыш тіндер физиологиясы. Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион жасушалардың әр қайсысының құрылысымен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері бір келкі болмайды. Әр жүйенің элементтерімен жасушалары арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді. Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір жасушадан екінші жасушаға олардың түйіскен жеріне тікелей өтеді. Екіншіден, хабарларды қан мен лимфада және жасуша аралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді. Үшіншіден, ақпараттың ең таралу жолы-электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпілістері арқылы керекті хабарларды бұлжытпай шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу.

Жүйке талшықтарының қозуды өткізуі.

Қозуды өткізу мембрананың қызметі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Миелинсіз талшықта қозу үрдісі (теріс заряд) оның тітіркендірген жерінен қасындағы жерге. Одан әрі қарай үздіксіз, өте жай жылжиды. Ал миелин қабығы бар жүйкеде теріс заряд (деполяриация) бір Равье үзілісінен екіншісіне секіріп өтеді (сальтаторлық өту).

Миелинсіз талшықтан қозу үрдісінің өтуін талқыласақ, алдымен тітіркендіргіш әсері орнында қозу үрдісі (ӘП) – деполяризация пайда болады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі жоғарылай бастайды, яғни теріс заряд мембрананың осы қозбаған жеріне көшеді. Осы сәтте бұрын қозған жерде қоудың реполяризация кезеңі басталады. Сөйтіп, теріс заряд кері жылжымай, жайлап мембрана бойымен әрі қарай таралады. Сонымен қозудың өтуі дегеніміз теріс зарядтың (деполяризацияның) жүйкенің мембранасы арқылы жылжуы. Миелинді талшықты тітіркендіргенде миелин қабағы электрлік изолятор болғандықтан теріс заряд тек Ранвье үзілісінде (миелин жоқ жерде) пайда болады. Пайда болған әрекет потенциалының шамасы қозу табалдырығынан 5-6 есе жоғары болуы мүмкін. Сондықтан ол көршіліес Ранвье үзілістерін тітіркендіре алады және теріс зарядталған үзіліс пен оң зарядты үзіліс арасында оңнан солға қарай талшықтың бойымен оның сырты мен ішіндегі иондар жылжи бастайды. Осының себебінен қозған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na+ ионына өткізгіштігі күшейіп, теріс зарядталады, яғни серпінісі қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді. Кейде қозу үрдісі бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін. Алғашқыда қозған үзіліске реполяризация кезеңі басталуына байланысты теріс заряд кері жылжымай, қозған үзілістен әрі қарай ғана жылжиды. Импульстің (теріс зарядтың) осылайша секірмелі (сальтаторлы) таралуы миелинді талшықтардан қозудың жылдам өтуін қамтамасыз етеді. Қозу секірмелі түрде өткізілсе, жүйке нейрон энергиясын аз жұмсайды.

Сабақ өткізу орны:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.

Тесттер :

1. Қалыпты физиология ғылымы ... зерттейді.

А) ұлпалардың, жасушалардың, мүшелердің, жүйелердің және тұтас организмнің қызметін

В) тұтас организмнің, мүшелердің, ұлпалардың құрылысын

С) жасушаларда, организмде, мүшелерде өтетін биохимиялық құбылыстары

Д) жасушалардың микроскопиялық құрылымын

Е) патологиялық жағдайдағы жасушалардың, ұлпалардың, организмнін, жүйелердің қызметін

2. Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі домината,оны ... ашқан.

А) Введенский Н.Б.

В) Быков К.М.

С) Парин В.В.

Д) Ухтомский А.А.

Е) Анохин П.К.

3. Адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі типтері жайлы ілімді қалыптастырған ғалым ...

А) Сеченов И.М.

В) Ухтомский А.А.

С) Парин И.П.

Д) Самойлов А.Ф.

Е) Введенский Н.Е.

4. Талдағыштар туралы ілімді ... қалыптастырды.

А) Сеченов И.М.

В) Астратян Э.А.

С) Анохин П.К.

Д) Мюллер И.

Е) павлов И.П.

5. Физиологияда ең жиі ... тітіркендіргіш қолданылады.

А) химиялық

В) механикалық

С) электрлік

Д) жылу


Е) сәулелік

6. Парабиоз тәжірибесінде Введенский...Құбылысының табиғатын анықтады.

А) тежелу

Б) қозу


В) жиырылу

Д) автоматия

Е) конвергенция

7. Шерингтон бойынша реципроктық (ілеспелі) тежелуді... құбылысы түсіндіреді.

А) концентрация

Б) дивергенция

В) окклюзия

Г) индукция

Д) иррадиация

8. Қарын сөлі бөлінуінің үш кезеңін анықтауда ... қолданылады.

А) Гейденгайн әдісі

Б) Павлов әдісі

С) Қарынға Басов әдісімен фистуланы орнату

Д) «жалған тамақтандыру» тәжірибесі

Е) аш ішек фистулалары

9. Жақ еттерінің шайнау қызметін ... әдісі анықтайды.

А) сиалография

В) шайнау сынамалары

С) электрогастрография

Д) мастикациография

Е) радиотелеметрия

10.Зат түстерін ажыратуды ... анықтайды.

А) Сивцев- Головин кестесі арқылы

В) Рабкин кестесі арқылы

С) диплоскоп арқылы

Д) Форстер периметрімен

Е) Мариотт тәжірибесімен

Пайданылған әдебиеттер:

1.Физиология человека(лекция) Л.З. елль, Н.А. Агаджанян, 1991.

2.Физиология плода и новорожденных В.Д Глебовский,1980.

3.Руководство по физиологии ряд Р. Шмидт, Г.Тевс 1996.

4.Нормальная физиология ряд К.В. Судаковский, 1999.

5.Физиология человека ряд В.М. Покровский,1998.

6.Көрнекті құралдар, кестелер, слайдтар, тестілік сұрақтар, ахуалдық сауалдар, арнамалы сұрақтар.

1.Тақырып №2: Қан. Физико-химиялық қасиеттері.

2.Оқу сағаттарының саны -2.

3.Тақырыптың маңыздылығы:Сұйық орта барлық мүшелер, ұлпалар және клеткаларға жайлап отырады және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 2 түрге бөлінеді. Клетка ішілік сұйықтық дененің 40, ал клетка сыртындағы сұйықтық 20 құрайды. Клеткасырты сұйықтығына тамырішілік сұйықтық (қан, лимфа) тамырсырты сұйықтығы (ұлпааралық), транскапиллярлық (көз алмасының сұйықтығы, плевра аралық, жұлын- ми, жұлын сұйықтықтары жатады. Қан сұйық ұлпа ретінде әрдайым қозғалыста болады. Оның констанььары (изосомия, изомания, изогидрия, изобария, изоволемия, изотермия) және физико- химиялық қасиеттері функциональдық жүйе болып табылады.

4. Дидактикалық мақсаты:

Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды.Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болу шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады.Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстармен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады.

Қан- жан-жануарлардың тіршілік тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық.. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе,тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін.

Қанның негізгі қасиеттері:



  1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады(тасымалдау қызметі).

  2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді(тыныс алу қызметі).

  3. Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жкткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).

  4. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен,адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады.Сөйтіп оларды шығарып тастайды(экскрециялық қызмет).

  5. Қан жасушалары(лейкоциттер) плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды (қорғаныс қызметі).

  6. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады (гуморалдық) реттеу. Қандағы биологиялық әсері күшті заттар- гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).

  7. Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креторлық байланыста болады.Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушлардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  8. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтық коллойдтық,, осмостық тұрақтылығын сақтайды.Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады.

  9. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты.

Қанның келесі физикалық қасиеті оныңтұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.

Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі- осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды.Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы(бетіндегі) ерітінділерге еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты.

Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Мысалы, жылы қандылар үшін 0,85-0,9%. NACI ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады.Қанға қарағанда тұзы аз болса – гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіге су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостық қысымдар, тіршілік үрдістердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.

Адам қанының осмостық қысымы- бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарыменсудың ара-қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.

Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның бөлімдері осмостық қысымының өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі- гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді.



Қанның реакциясы. Қан реакциясы сутегі(Н) мен гидроксил(ОН)иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші (рН) өте тұрақты гомеостаздың көрсеткіштерінің бірі. Анның реакциясы – сәл сілтілі,вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек, сондықтан оның реакциясы (рН) 7,35- 7,36; артерия қанында 7,4- 7,42 яғни сілтілеу келеді. Жасуша ішінде зат алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты рН төменірек (7,0-7,2), яғни қышқылдың рН мөлшері әдетте 7,0- 7,8 аралығында, бұдан әрі өзгерсе, ол тіршілік үшін өте қауіпті (қолайсыз үрдістер туып, адам өліп кетуі мүмкін).РН ұзақ уақыт 0,1-0,,2 мөлшерге өзгерсе де адам өледі.

Қанның құрамы: Қан сарғылттау келген сұйық зат- плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең(5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер(эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары- тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары-42-48%-не тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы: Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9% органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%- 1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттар көбі белоктар: альбумин, глобулин (a,в,y) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот болады.

Қанның қасиетін, құрамын, қызметін, формалық элементтерінің функциональдық пәрменділігін (активтілігін), эритропоэз, лейкопоэздің реттелу механизмдерін білу барлық жүйелер, ағзалар және ұлпаларлдың өзара тығыз қарым-қатынасын дұрыс түсінуге қажет. Қанның формалық элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер жатады. Ер кісілердің қан құрамында эритроцит мөлшері 4,5-5,5*10/л, ал әйелдерде 3,7-4,7*10-12/л болып келеді. Қандағы эритроциттердің мөлшері кейбір физиологиялық жағдайларда өзгеріп тұруы мүмкін ол барометрлік қысым төмендегенде көбейеді, кейде эритроциттердің мөлшерініңғ өзгеруі кейбір аурулардың болуына да байланысты.

Лейкоциттер қанның ақ түйіршіктері.Лейкоциттердің маңызы қызметі қорғаныстық функция болып табылады. Ол лейкоциттердің микроағзаларды жұту қасиетіне байланысты адам қанында 6,0-8,0*10/9/л 6000,8000 1мм3-те мөлшерінде лейкоциттер кездеседі. Лейкоциттер үлкен 2 топқа бөлінеді. Олар түйіршікті-грнулациттер, түйіршіксіз- агранулоциттер. .

Тромбоциттер- бұл клеткалардың қандағы мөлшері 1мм 3-қа 200000-300000 болып келеді.Тромбоциттер ағзада микроциркуляцияны және гемостазды реттеу арқылы маңызды роль атқарады. Қан пластинкалары төсейтін болып табылады және қажет кезде микротамырлардың тонусы мен өткізгіштігін өзгертетінфизиологиялық активті зат серотонин бөледі. Сонымен қатар тромбоцит қабырғалары барлық этапта қан ұйытуда қатысады.

Қан жасаудың балалық шақтағы ерекшеліктері балалардағы қанның жасауы бірқатар ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасқа қарай өсе келе динамикалық өзгеріске ұшырайды. Ерте жастағыда қызыл сүйек кемігінің майлы сүйек кемігіне айналуы басталады. Балалардағы қан жасаудың басты өзіндік ерекшелігі –ол әртүрлі кейде болар-болмас себептер нәтижесінде пісіп-жетілмеген элементтердің пайда болуына бейімділігі.

Сабақ өткізу орны:

Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426



Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:

а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.

б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.

в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.



Тестер :

1.Қан плазмасындағы белок құрамы.....

А) 65-85 г/л

Б) 5-25 г/л

С) 25-50 г/л

Д) 150-200 г/л

Е) 250-300 г/л

2.Пішінді злементтердің пайыздық мөлшермен көрсетілген қанның гематокриттік саны .. тең.

А) 65%

Б) 45%


В) 25%

С) 30%


Д) 55%

3. Қанның осмостық қысымы ... ұсталып тұрады.

А) тер бездері, бүйрек, бауырмен

В) АІЖ, бауыр, өкпемен

С) тер бездері, бүйрек, өкпемен

Д) тер бездері, бүйрек, өкпемен

Е) бүйрек, өкпе қалқанша безімен

4. Қан жүйесіне ... жатады.

А) қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, айналымдағы қан, реттеуші аппарат

В) циркуляциялайтын қан, жүрек, қан тамырлары, реттеуші аппарат

С) қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек

Д) циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеуші аппарат, жүрек

Е) циркуляциялайтын қан, қан депосы, жілік майы, қан тамырлар

5. Тромбоциттер...

А) ретрактоэним, серотонин бөліп шығарады, тромбопластин құрылуына жағдай жасайды

В) антидене бөліп шығарады, оттегіні тасымалдайды, топтық өзгешелікке ие болады

С) аллергиялық реакцияларға қатысады, серотонинді бөліп шығарады, суды тасымалдайды

Д) тромбопластиннің пайда болуына жағдай жасайды, фагоцитоздық қызметке ие болады

Е) серотонин және гепарин бөліп шығарады, қан ұюына кедергі жасайды

6. Лейкоциттердің қызметіне... жатады

А) фагоцитоз, иммунитет, аллергия реакцияларына қатысу

В) осмостық қысымды ұстап тұру, қан ұю үрдісіне қатысу, газдарды тасымалдау

С) рН реттеу, фагоцитоз, иммунитет, аллергия реакцияларына қатысу

Д) ЭТЖ реакциясына қатысу, онкотикалық қысымды ұстап тұру, тұздарды тасымалдау

Е) тыныс алу үрдісіне қатысу, тұтқырлықты ұстап тұру, амин қышқылдарды тасымалдау

7. Қанның түстік көрсеткіші .... сипаттайды

А) эритроциттердің гемоглобинге қанығу дәрежесін

В) эритроциттердің темірге қанығу дәрежесін

С) қандағы гемоглобин мөлшерін

Д) эритроцит санының лейкоциттерге қатынасын

Е) пішінді элементтер мен плазма қатынасын

8. Ересек адамдарда қанның жалпы мөлшері ... тең

А) 3-5% дене салмағынан -1,5-2л

В) 9-10% дене салмағынан -7-8л

С) 6,5-7% дене салмағынан -4-5л

Д) 11-12% дене салмағынан 8-9л

Е) 13-15% дене салмағынан -10-12л

9. Әйелдерге қарағанда еркектерде эритроциттердің саны жоғары, оның себебі ...

А) қара жұмысқа байланысты эритропоэздің жоғарлауында

В) оларда бұлшықет массасы жоғары

С) эритропоэтиндер көбірек пайда болады

Д) эритропоэздің ерке жыныс гормондар арқылы жоғарлауында

Е) әйелдер сияқты, әр ай сайын эритроциттерден айырылмайды

10. Қанның рН-ы ... анықталады

А) потенциометрмен

В) вискозиметрмен

С) Панченков приборымен

Д) гемометрмен

Е) Шкляр микроцентрифугасымен


  1. Қолданылған әдебиеттер:

1.Тақырып бойынша дәріс.

2.А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

3.қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

4.Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

5.Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

6.Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

7.Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

8.Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

9.Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

10.Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет