Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі1,35 Mb.
#120156
  1   2   3
Байланысты:
Реферат


Алғы сөз
Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:

  1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту. 


  2. Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру. 


  3. Бала денесін шынықтыру. 


  4. Балалардың жүру, жүгіру. Секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.





Денені шымырландырудың, 
ерік-қайратты шыңдаудың, 
ақылды алғырландырудың, 
ойды салмақтандырудың жолын 
білсең, сен-тәрбиешісің. 
Ш.Летурно




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет