ҚАЛҚАНША БЕЗІН ПАЛЬПАЦИЯЛАУ
Ең бірінші дәрігер науқастың алдында тұрып бүгілген 2-5 дейінгі саусақтарын төс-бұғана – емізік бұлшық етінің артқы қабырғасына қойып, үлкен саусақты алдыңғы жағынан айтылған бұлшық еттің алдыңғы қабырғасына асыра отырып қалқанша безінің шеміршегінен ішке қарай енгізіп ұстайды. Осы кезде науқастан жұтынуын сұрайды. Жұтынған кезінде қалқанша безі кеңірдікпен бірге дәрігердің саусағының астынан өтеді. Қалқанша безінің мойыншасы саусақтардың сырғымалы қимылы арқылы анықталады(вертикальді жылжу). Екінші тәсілінде дәрігер науқастың оң жағында, сәл алдыға қарай орналасады. Мойнын босату үшін науқастан басын сәл алдыға енкейтуін сұрайды. Сол қолының алақанымен науқастың мойнының артынан фиксациялайды. Оң жақ саусақтарымен қалқанша безінің пальпациясын жүргізеді. Үшінші тәсілде қалқанша безінің пальпациясында дәрігер науқастың артында тұрады. Үлкен саусақтары науқастың мойнының артында орналасады. Қалған саусақтары алдыңғы жағында қалқанша безінің шеміршегіне қарай орналасады.
Бөліктерін пальпациялауда қалқанша безінің биіктігін, консистенциясын, сипатын (жайылмалы, түйінді) екенін бағалайды.
Қалқанша безінің жұтыну кезіндегі, қозғалғыштығын, ауырсыну бар ма жоқ па анықтау, қасындағы пульсациясын анықтау.
ПЕРКУССИЯ
Перкуссия әдісі төс артындағы жемсауды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады.
АУСКУЛЬТАЦИЯ
Қалқанша безінің аускультациясында жайылмалы уытты жемсауда кейде шулар естіледі. Бұл қанайналым күшеюіне және жылдамдауына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |