Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет342/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Қосымша зерттеу әдістері
Зертханалық зерттеу әдістері
Әртүрлі гормондар радиоиммуны әдіс арқылы анықталады. Бұл әдіс арқылы айналымдағы қандағы антигендік қасиетке ие гормондарды анықтауға болады. Арнайы иммунды сарысуларды қолдану арқылы жүзеге асады. Осы әдіс арқылы қандағы инсулинді, антидуретикалық гормонды, адренокортикортикотропты гормонды (АКТГ), кортизол, тироксин, тироксин (Т4) және трийодтиронин(Т3), тиреотропты гормонды(ТТГ) анықтауға болады.
Қандағы, зәр құрамындағы глюкоза мөлшерін анықтау гипер, гипогликемия немесе глюкозурия екенін анықтаудың клинико – диагностикада маңызы зор. Гипергликемия физиологиялық (алиментарлық) және патологиялық болып бөлінеді. Алиментарлық гипергликемия қанға көп мөлшерде глюкозаның түсуінен байқалады. Патологиялық гипергликемия қантты диабетте, гипертиреозда, акромегалияда, бүйрек үсті безінің гиперфункциясында, ісіктерде, стресте, ми зақымдалған кезде дамуы мүмкін. Алиментарлы гипогликемия – ашыққан кезде, дене жұмысымен айналысқан кезде, патологиялық гипогликемия – гиперинсулинизм, аш ішекте глюкоза сіңірлуінің жеткіліксіздігінде, Аддисон ауруында кездеседі.
Глюкозаға толерантты сынамасы: қантты диабетке толығымен көз жеткізу үшін сынама алады, тексерілуші – 75 -100 гр көмірсумен тамақтанганнан кейін, 2 сағаттан кейін қандағы глюкоза мөлшерін анықтайды. Ферментативті әдіспен анықталған қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 6,7 ммоль/л аспауы керек, асып кеткен болса науқас қантты диабетке күдік туады.
Қарапайым рентгенологиялық зерттеу эндокринді бездерді қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы УДЗ және КТ, МРТ зерттеулер нақты мәлімет береді.
Арнайы жүктемеден кейінгі гормонды анықтау бездерді зерттеудің қосымша әдісі болып табылады. Қанды биохимиялық зерттеулердің ішінде қандағы глюкозаны анықтау және зәрдегі. Ол қант диабетінде өте маңызды әдіс. Кальций алмасуының өзгерісі қалқанша маңы безінің патологиясында кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет