Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Буындардың деформациясы (қисаюы) және қозғалыстың шектелуі



бет350/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Буындардың деформациясы (қисаюы) және қозғалыстың шектелуі.
Көп жағдайда периартикулярлы инфильтрацияға және буынішілік шығып кетудің салдарынан болады. Кеш сатыларында капсуланың қалыңдауы, сүйектің өсіп – кетуі, шығып кетуі және анкилоздардың салдарынан болады.
Жедел кезеңінде буында қозғалыстың шектелуі бұлшық ет контрактурасына, содан кейін буын қуысына грануляциялық – тыртықты тіннің өсуіне және шеміршек атрофиясынан кейін сүйектердің жабысып қалуына байланысты.
Синовиалды қабықшаның қабынуы (синовит) буынның айналасындағы құрылымдардың зақымдануымен жүреді, әсіресе ревматоидты артритте. Синовиалды қабықша ауырсынады, қалыңдаған, буын үстіндегі тін ыстық, жиі қозғалыс кезінде ауырсынуы байқалады. Буындардың ауырсынуы өте тез дамиды.
Буын шеміршегінің дегенерациясы деформациялық остеоартрозда айқын болады. Буынның деформациясы сүйек тінінің өсуімен, қалыңдауымен және капсуласының бүрісіп қалуымен байланысты болады.
Зақымданған буындардың санына байланысты моноартрит (бір буынның зақымдануы) немесе полиартрит (көптеген буынның зақымдануы) болып бөлінеді. 2-3 буыннан артық зақымданбаған болса “олигоартрит” деп аталады.
Моноартриттер жедел және созылмалы болуы мүмкін. Буындардың зақымдануы 3-6 айдан аса сақталатын болса, ол созылмалы артрит.
Моноартриттердің себебі: инфекция, тұз кристалдарының жиналуы, жарақаттар, ісіктер, саркоидоз және т.б. болуы мүмкін.
Дегенмен барлық моноартриттердің себебі дәлелденбейінше, инфекциялық деп қарастырады, себебі – анықталмаған іріңді артрит барлық буынның қызметінің жойылуына алып келуі мүмкін.
Полиартриттер бөлінуі мүмкін:
1) қабынулық
2) дегенеративті
3) метаболикалық
Қабынулық полиартриттің негізгі түрлеріне ревматоидты артрит, вирустық артрит және жүйелі қызыл жегідегі артриттер жатады.
Метаболикалық артриттер буындарда кристалдардың жинақ­талуымен түсіндіріледі. Ол физикалық тексеріс кезінде анықталатын ерекше деформациямен көрінеді. Ураттардың буын капсуласына жинақталуынан буын үсті бұдыр болады. Созылмалы подагралық артритте жиі ассиметриялық өте сирек симметриялық түрде болады.
ПАЛЬПАЦИЯ
Пальпацияда жергіліктің қызуының көтерілуін, ауырсынуды, ісінуді анықтайды. Буынның ісінуі синовиалды қабықшаның қалыңдауынан болуы мүмкін.
Пальпация буын өзгеріске ұшырағанда (мыс: деформация, дефигурация, ісінген буынға) және қабынған жағдайда жүргізіледі. Пальпация арқылы буын үстіндегі жергілікті қызуды анықтайды. Сонымен қатар буын капсуласындағы ауырсынуды анықтайды. Менископатия және остеоартроз кезінде ауырсыну тізе буынының латеральды және медиальды аймақтарында болады. Пальпация арқылы ірі буындардағы бос сұйықтықты да анықтауға болады.
Тері және тері асты май клетчаткасына пальпация жасағанда әр түрлі тығыздалуларды – кальцинаттар, инфильтраттар, ірі артериялардың бойындағы түйіндерді, тофустарды анықтайды. Буындардың хондроматозында “буынның тышқандарын” анықтауға болады. Ол буынға пальпация жасағандағы тығыз түзілістер, қозғалыс кезінде жойылып кетеді.
Омыртқа жотасының бойын тексерген кезде сегізкөз – мықынның байланысқан аймағын тексеру үшін алақанмен мықын сүйектерінің қырынан басып тұру қажет. Қабыну үрдісі болған жағдайда зақымданған аймақта ауырсыну болады.
Н
ауқас арқасымен кушеткада бір аяғын тізесінен бүгіп, екінші аяғы созылыңқы қалыпта жатады. Бүгілген аяғының ұшын, созылыңқы аяқтың тізе аймағына қойып, медицина қызметкері бүгілген аяқты кушеткаға қарай қысыммен басады, ал екінші қолымен мықынның қырынан қарама қарсы жаққа басады. Артрит кезінде сегізкөз – мықын байламында, аяқта ауырсыну болады.


Сүйек буын жүйесінің пальпациясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет