Лабораториялық және иммунологиялық зерттеу
Жалпы қан анализі:
Ревматоидты артритте, ЖҚЖ және басқа да ауруларда қаназдық байқалады және аутоиммундық, гемолитикалық, постгеморрагиялық сипатта болады.
Ревматоидты артритте, жүйелі васкулитте, лейкоциттердің мөлшері жоғарылайды, ал ЖҚЖ-да керісінше лейкопения байқалады.
ЖҚЖ-да қанда LE- клеткалар анықталады. ЖҚЖ-мен ауыратын науқастардың 3/4 -інде байқалады. Сонымен қатар LE – клеткалардың аз мөлшерде жоғарлауы созылмалы гепатитте, кейде ревматоидты артритте, ісіктерде, туберкулездеде кездеседі. Бұл клеткалар пісіп жетілген нейтрофильдер, оның цитоплазмасы өліп қалған лейкоциттердің фагоцитозға ұшыраған ядросымен толып, өз ядросы шетке қарай жылжи береді.
Көптеген ревматоидты ауруларда қабыну үрдісінің белсенділігін ЭТЖ көрсетеді.
Жалпы зәр анализінде:
Бүйректің зақымдануында протеинурияны, цилиндрурияны, микрогематурияны анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |