Ревматоидты артрит дамуы үшін ірі буындардағы жарақат маңызды роль атқарады.
Тұқымқуалаушылық маңызды роль атқарады, әсіресе Бехтерев, подагра ауруларында.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ Жалпы қарағанда науқастың сыртқы түрінен, дене қалпынан кейбір ауруларды бірден анықтауға болады. Бехтерев ауруында (анкилоздаушы спондилооартрит) науқас “сұраушы” қалпы болады. Ревматоидты артритте білезіктің деформациясы болады.
Амимикалық бет (ауыз айналасында радиалды тері қатпарлары болады) жүйелі склеродермияға тән.
Тері жамылғысын қарағанда бөртпелерді, қан құюларды, бет пен мұрын айналасында көбелек тәрізді эритеманы анықтауға болады.
Ревматизм ауруында түйінді эритемаға көп мән беріледі.
Бастың терісінде , шынтақ буыны аймағында, сонымен қатар шат аралықта, жамбастың қыртыс аймағында псориазды бляшкалар анықтауға болады. Олардың анықталуы артритпен артралгияның дамуын көрсетеді. Сонымен қатар афтозды стоматит, сыртқы жыныс аймағындағы, көз айналасында жаралардың болуы мүмкін. Маңызды диагностикалық белгі – тофустардың құлақ аймағында түйіндердің болуы. Тері астылық май клетчаткасында және бұлшық еттерде кальций тұздары жинақталуы мүмкін, бұл дерматомозитке және жүйелі склеродермияға тән.
Буындарды қарау Буындарды қарағанда ісінуі, деформация (қисаюы), буын айналасындағы тіннің өзгерісі анықталады (мыс: бұлшықеттердің атрофиясы немесе буын қалтасының ісінуі).
Науқастың тұрған қалпында төс-бұғана қосылысының дефигурациясын, омыртқаның қисаюын немесе шамадан тыс түзуленуін анықтайды. Науқасты қабырғаға арқасымен қойып, шүйдені тақағанда, мойынның кифозы анықталады.
Геберден түйіндері – тығыз сүйектің өсуі. Деформациялық артрозда кездеседі.
Бушар түйіндері – қатты түзілістердің болуы.
Науқасты қараған кезде буынның үстіндегі жергілікті қызудың жоғарылауымен қатар, зақымданған буын үстіндегі терісі қызарады.
- Артрит кезінде қабынған буын үстінде ашық – қызыл түсті, айналасы айқын қызару әсіресе аяқтың үлкен саусағында байқалады.
- Псориазды артрит кезінде малина тәрізді қызыл болады.