Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет346/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Нефротикалық синдром-жіті нефритке ұқсайтын белгілердің жиынтығы болады.Ісіну тез дамиды, беті бозарған, ісінген, олигурия, протеинурия, бүйрек гематуриясы, артериальды гипертензия болып табылады, бүйрек функциясы бұзылады.Бұл синдром ЖҚЖ-де, түйінді периартериитте, геморрагиялық васкулитте пайда болады.Бұл синдромда науқастың ауруы үдеуі болады.


СҰРАСТЫРУ
Шағымдары:
Буындардың зақымдануында науқасты ауырсыну, буындардың ісінуі, буынның конфигурациясының өзгеруі және қимыл қозғалыстың шектелуі мазалайды.
Ауырсыну науқастың физикалық белсенділігі айтарлықтай шектеледі, науқас ауырсынуды басатын дәрі-дәрмекті кейде үлкен мөлшерде ішуге мәжбүр болады, ол өз кезегінде науқастың денсаулығына зиянын келтіреді. Ауырсыну шеміршектің жойылып кетуімен байланысты, бір-біріне сәйкес келмейтін екі буын беткейінің үйкелуінен болады, сондықтан да әдетте ауырсыну қозғалыс кезінде болады.
Қимыл қозғалыс аппаратының ең жиі кездесетін симптомдарына – буындардың таңертеңгілік құрысуы жатады, бірнеше-минуттан бірнеше сағатқа созылады. Әсіресе бұл белгі ревматоидты артритке тән.
Буынның ауырсынуы байланысты болуы мүмкін:
1) синовиалды қабықшаның зақымдануымен
2) буын шеміршегінің зақымдануымен
3) периартикулярлық тіндердің зақымдануымен
Синовиалдық қабықша мен буынның шеміршегі зақымданғанда ауырсыну қозғалыс кезінде күшейеді. Буын айналасындағы тіннің зақымдануында (периартритте) ауырсыну артрит ауруындағыдай буын айналасындағы тінге пальпация жасағанда анықталады. Ауырсынудың сипаты, интенсивтілігі және пайда болу уақыты әр түрлі болуы мүмкін. Ревматоидты артритке түннің екінші жартысында күшейетін, қозғалыс кезінде азаятын үнемі сыздап ауырсыну тән. Остеоартрозға күннің соңына қарай және физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ауырсыну тән. Подаграда ауырсыну интенсивті, ұстама тәрізді, әсіресе түнде басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет